Тәжірибе алмасу және диаспоралық саясат саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2024 жылғы 25 қыркүйекте Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) – БҰҰ көші-қон агенттігі өкілдері «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп, «Орталық Азия елдеріне Жаһандық Көші-қон Шарты (ЖКҚШ) жүзеге асыруда үкіметтерге көмек көрсету» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар бағдарламасы келесі сессияларды қамтыды:
– Қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы жаһандық келісімге кіріспе;
– Мобильділікті қадағалау матрицасы (МҚМ) және көші-қон зерттеулерінің таныстырылымы;
– Алматы процесі арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
– Жаһандық шарт бойынша интерактивті жаттығу.