Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық сыйлығы номинанттарының шорт-листі жарияланды.
Шетелдегі қазақ тілді БАҚ өкілдеріне арналған "Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал" номинациясының шорт-листі келесідей:
– Қожабаева Динара – "Қазақ елі" журналы (Түркия);
– Тешебаева Айгүл – "Нұрлы жол" газеті (Өзбекстан);
– Ашенова Торгын – "Омбы қазақтары" газеті (Ресей);
– Сұраған Рахмет – Баян-Өлгей аймақтық радиохабары (Моңғолия).
Ұлттық бәйге 12 номинация бойынша өткізілді. Байқауға барлығы 400 өтінім келіп түсті. Үздік жұмыстарды беделді журналистер мен медиа менеджерлерден құралған қазылар алқасы анықтады.
«ҮРКЕР» - 2024 Ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары 27 қыркүйек күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазмедиа» орталығында өтеді. Жеңімпаздарға «ҮРКЕР» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табысталады.
Байқау ұйымдастырушылары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. Іс-шараның демеушілері – «Қазақстан» РТРК және «Хабар «Агенттігі» АҚ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі