Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
66 келі салмақта белдескен Ғұсман кіші финалда сербиялық Страхинья Бунчичті «ваззари» ұпайымен жеңді.
Осылайша, ол өз мансабындағы ең ірі жеңістерінің біріне қол жеткізіп, Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.
Бұл Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы жеңіп алған үшінші медаль.
Кеше Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Александра Ле мен Ислам Сәтпаев нысана көздеуден қола жүлде жеңіп алды.
Дереккөз: olympic.kz