“Отандастар қоры” президенті Россотрудничество басшысымен кездесті

24 Мамыр 2024

23 мамырда “Отандастар Қорының” президенті Данияр Қадыров Мәскеу қаласында РФ Шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі федералдық агенттік (Россотрудничество) басшылығымен кездесті. 

Аталмыш шараға Россотрудничество басшысы Евгений Примаков және ҚР Ресей Федарциясындағы Елшілігінің дипломаттары қатысты. 

Кездесу барысында тараптар қол қоюға әзірленіп жатқан, өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандум жобасы бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуге уағдаласты.

 

 

“Отандастар қоры” президенті Россотрудничество басшысымен кездесті