Иранның астанасы Тегерандағы Қазақстан елшілігінде Наурыз мейрамы мен 1 мамыр – Бірлік күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, "Шаңырақ" қазақ ұлттық бұрышының ашылу рәсімі өтті.
Мерекелік шарада Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісі Оңалбаев Оңталап мырза сөз сөйлеп, Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық байланыстарына тоқталып, Қазақстанда болып жатқан су тасқынына байланысты бірқатар халықаралық шаралардың онлайн форматта өтетінін, су тасқынынан зардап шеккендердің бәріне толық көмек берілетінін айтып, Наурыз мейрамын тойлауға арналған "Наурызнама" атты жаңа форматтың ерекшеліктерін санамалап өтіп, Қазақстан елшігінің ғимаратында қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнер бұйымдарын дәріптеуге арналған "Шаңырақ" атты тұрақты ұлттық бұрыштың ашылғанын жариялады.
Мерекелік шара барысында қазақтың әні айтылып, күйі шертіліп, биі биленді. Ұлттық ойындар ойналып, қонақасы берілді.
Дереккөз: Pars Today