Шетелдегі қандастар – қазақ халқының құрамдас бөлігі – Нұрхан Жәлиев

10 Ақпан, 2020

Шетелдегі қазақтарды рухани тұрғыда қолдау немесе Қазақстанға көшіру керек деген ұстанымға кейде көптеген қарсы пікірлер айтылып жатады. «Өзімізді асырай алмай жатқанда оларды қалай асыраймыз? Өзіміз баспанасыз жүргенде оларға қайдан баспана тауып береміз? Өзімізге жер жетпей жатқанда оларға қайдан жер тауып беремі?», - деген уәж айтылады. Өкінішке қарай материалдық мәселелер қазіргі заманда басым болып тұрған жағдай бар. Дегенмен...

Шетелдегі қазақтар – қазақ халқының құрамдас бөлігі, олардың бірыңғай тарихи және этникалық Отаны – Қазақстан. Шетелдегі қазақтар мен Қазақстандағы қазақтар түрлі жергілікті өзгешеліктері бола тұра бір мәдениетке, бір тілге, бір дінге ие, Қазақ хандығының құрамында тарихи тұтастығымен біріктірілген, бірегей қазақ этносын құрайды.

Бүгінгі күні, кейбір сараптамалық пікірлерге сәйкес, алыс және жақын шетелдегі қазақтар қазақ ұлтының 1/3 немесе 7-8 миллион адамды құрайды.

Шетелдік қазақтарды қолдау саясаты соңғы уақытта қазақ тілін қолдану салаларының тарылуына, олардың ұлттық өзіндік болмысының біртіндеп жоғалуына және олардың ассимиляциялануына байланысты айтарлықтай өзекті. Сарапшылардың пікірінше, ассимиляцияның нәтижесінде біз орны толмас жағдайға ұшырап, жақын арадағы 10-15 жылда қазақ ұлтының құрамдас бөлігі – шетел қазақтарынан толық айырылуымыз мүмкін.

Шетелдегі қандастар қазақ ретінде бізден басқа ешкімге керек емес екенін түсінуіміз абзал.

Нұрхан Жәлиев, «Отандастар қорының» Ақпараттық талдау департаментінің директоры

Фото: дереккөз

Шетелдегі қандастар – қазақ халқының құрамдас бөлігі – Нұрхан Жәлиев