«Арманымдағы Атажұрт» эссе жазу байқауына қатысып, «Жас Қазақ» жазғы этнолагеріне жолдама жеңіп ал!

Кеше
  • TÚRKISTAN халықаралық газетінің 30 жылдығында орай “Отандастар Қоры” КеАҚ және TÚRKISTAN халықаралық газеті шетелдегі этникалық қазақ балалары арасында эссе жазы байқауын ұйымдастырады.
  •  
  • Байқау шарттары:
  • – Байқауға 12-17 жастағы шетелде тұратын этникалық қазақ балалары қатыса алады.
  •  
  • Шығармашылық жұмысқа қойылатын талап:
  • – Эсседе Қазақстан, атажұрт дегенде не елестейтінін, ел келешегін қалай көретініне басымдық беру керек.
  • – Эссе қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
  • – Эссе 2,5 беттен (шамамен ) кем болмауға тиіс.
  • – Қаріп өлшемі – 14, Times New Roman.
  • – Эссе ішіне авторлық өлеңдер қосуға болады.
  • – Эссе PDF форматында болуы қажет.
  • Қатысушының суреті, толық аты-жөні, жасы, мемлекеті туралы ақпарат 2024 жылғы 15 мамырға дейін oq.govkz@gmail.com эл-поштаға жіберілуге тиіс.
  •  
  • Үздік 10 қатысушыға 2024 жылы өтетін «Жас қазақ» жазғы этнолагеріне тегін ЖОЛДАМА беріледі. Соның ішінен ең үздік деп танылған 3 баланың эссесі TÚRKISTAN халықаралық газетіне басылып шығарылса, қалған 7 жұмыс TÚRKISTAN газетінің ресми сайтында жарияланады. Сондай-ақ TÚRKISTAN ұжымы үздік деп танылған 10 қатысушыға атаулы сыйлықтар ұсынады.
  •  
  • ЕСКЕРТУ: Бұл байқауға Қазақстан азаматтары және «Отандастар Қоры» КЕАҚ-тың 2019, 2022, 2023 жылы ұйымдастырған жазғы лагеріне қатысқан қатысушылар қатыса алмайды.
«Арманымдағы Атажұрт» эссе жазу байқауына қатысып, «Жас Қазақ» жазғы этнолагеріне жолдама жеңіп ал!