«Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ мен «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның облыстардағы фронт-офис сарапшы операторларының бірлесе атқаратын қызметі мен «Біріңғай байланыс» орталығының жұмысын таныстыру мақсатында жұмыстар жалғасуда.
Осыған орай Петропавл қаласында дөнгелік үстел өтіп, оған «Нұр Отан» партиясының өкілдері, СҚО полиция департаменті көші-қон қызметінің, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, жастар ресурстық орталығының, облыстық білім басқармасының мамандары және т.б. қатысты.
Осыдан кейін кездесу Есіл ауданында жалғасып, аудан әкімі, мемлекеттік мекеме басшылары, ауыл әкімдері, БАҚ өкілдері және осы мекеге көшіп келген қандастардың қатысуымен іс-шара ұйымдастырылды.
«Елбасының басқаруындағы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының мақсаты және атқарып отырған игілікті істері жайлы өздеріңіз жақсы білесіздер. Шетелде тұратын қандастарымызға мәдени рухани қолдау көрсету, жастарын еліміздің жоғары оқу орындарында оқыту, мектепте оқитын балалардың жазғы демалысын елде ұйымдастыру, көшіп келген қандастарымызға жан-жақты қолдау көрсету барлығымыздың міндетіміз дегенді тапсырды. Қазіргі таңда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен бірлескен «Отандастар қоры» КЕАҚ шетелдегі және елге оралған этникалық қазақтармен тығыз байланыс орнату және оларға қолдау көрсету бойынша 2019 жылы «Қандастарды ақпараттық қолдау орталығын» (ҚАҚО) жұмысын бастады», - деді Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заутұлы.