«Ұлы Дала - 2024» кітаптар шығару халықаралық конкурсын жариялаймыз

01 Маусым 2024
  • Хабарландыру
  •  
  • «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғам (Ұйымдастырушы) мен Республикалық қоғамдық бірлестік «Қазақстан Жазушылар одағы» кезінде әлемнің әр қиырына қоныс аударған этникалық қазақтардың көші-қон тарихы, тыныс-тіршілігі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті, өнері жайында жазылған тарихи, көркем әдеби туындылар, ғылыми зерттеулерді жинақ ретінде жарыққа шығару мақсатында 2024 жылға «Ұлы Дала» халықаралық конкурсын жариялайды.
  •  
  • Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері
  • Шетелдегі этникалық қазақтардың тарихы, мәдениеті мен әдебиеті, ғылымы, білімі, өнері, олардың қазақ руханиятына қосқан үлестері туралы  шетелдік және қазақстандық  белгілі ақын-жазушылар, ғалымдар мен өнерпаздардың туындыларын басып шығару арқылы ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізді жаңа қырынан  тану,  шетелдегі танымал, белгілі этникалық қазақ өкілдерінің есімдерін және шығармаларын қазақстандық көпшілік қауымға кеңінен таныстыру, жас ұрпақтың бойында төл тарихымыз бен мәдениетімізге деген қызығушылықты күшейту, ұлттық сананы жаңғырту.
  •  
  • Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі
  • Конкурсқа қатысу туралы отінім мен шығармалар 2024 жылдын 1 маусымына дейін қабылданады.
  •  
  • Өтінімдер Астана қаласы, Д.Қонаев көші, 12/1 үй, «Отандастар қоры» КеАҚ, info@oq.gov.kz электронды поштасы немесе пошта арқылы жіберілуі тиіс (8 747 178 3938 - Лашын).
  •  
  • Конкурсқа ұсынылған шығармаларға елімізге белгілі ақын-жазушылар, көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құрылған Қазылар алқасы сараптама жасайды. Қазылар алқасы конкурсқа түскен шығармаларды бағалау және Байқау жеңімпаздарды анықтауды 2024 жылғы 1 тамызға дейін жүзеге асырады. Қазылар алқасының шешімі «Отандастар қоры» КеАҚ ресми интернет-ресурсында 1 апта  ішінде жариялайды.
  •  
  • Конкурс шарттары
  • Конкурсқа шет елдердегі этникалық қазақтар, отандастар, шетелдік және қазақстандық ақын-жазушылар, тарихшылар, ғалымдар, мәдениет, өнер және қоғам қайраткерлері, журналистер, жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
  •  
  • Конкурсқа шетелдегі этникалық қазақтардың тарихы, салт-санасы мен дәстүрі, әдебиет пен мәдениет, театр, спорт, өнер, ғылыми салаға байланысты шығармалар, сондай-ақ шетелдегі тарихи, белгілі танымал тұлғалар, олардың  туындылары және олар туралы еңбектер ұсынылады.
  •  
  • Конкурсқа бірлескен авторлардың шығармалары мен құрастырылған жинақтар да қабылданады. Конкурсқа қатысушылардың жасына шек қойылмайды.
  •  
  • Қазылар алқасы Конкурсқа түскен шығармалардың:
  • - Конкурстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес болуын;
  • - жоғары моральдық - этикалық және гуманистік құндылықтарды құрметтеу талабына сәйкес жазылуын;
  • - әдеби, ғылыми жазу тілінің стилі, мазмұндылығы, тақырып ерекшелігі, көркемділігі мен шынайы деректілігіне, фото-материалдардың сапасына көңіл аударып, сараптама мен бағалауларын жазба түрде білдіреді.
  •  
  • Авторлық еңбектер Қазақстанда жарияланбаған болуы керек және ол шығармаларға белгілі әдеби, ғылыми шығармашылар өкілдерінің кем дегенде 2 пікірі болуы керек.
  •  
  • Шығармалар қазақ (кириллица) тілінде жолдануы тиіс. Құндылығына қарай, ерекше жағдайда шет тіліндегі еңбектер қабылдануы мүмкін.
  •  
  • Шетелдерде төте жазумен, латын қарпімен жарық көрген шығармалар Қазылар алқасы шешімімен үздік деп танылса, жеке жинақ ретінде қазақ тіліне (кириллица) аударылып, басылады.
  •  
  • Конкурс жеңімпаздарының кітаптары 1 қазанға дейін басылып шығуы тиіс.
  •  
  • Конкурсқа автордың аты-жөні, шыққан тегі туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефондары жазылып, JPEG форматындағы фотосы жүктелуі  керек. Шығарманың толық мәтіні «doc» форматында (шрифт  Times New Roman, кегель 14, жоларалық интервал - 1) болуы керек.
  •  
  • Автор/авторлар конкурсқа қатысу үшін жұмысты жібере отырып, осы жұмысқа авторлық құқықтың болуына кепілдік береді және Ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, интернет-ресурстарда жариялауына рұқсат береді.  Автор/авторлар Ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады. Конкурсқа қабылданған жұмыстар кері қайтарылмайды.
  •  
  • Конкурс жеңімпаздары
  • Конкурс жеңімпаздарының жұмыстарын, баспадан шыққан кітаптарды Ұйымдастырушы еліміздегі ірі кітапханалар мен ғылыми-мәдени орталықтарға тегін таратады. Кітаптардың электронды нұсқасы «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағының веб-сайттарына  орналастырылады.
  •  
  • Конкурс жеңімпаздарының шыққан кітаптарға тұсаукесер рәсімі өткізіліп, бұл туралы Ұйымдастырушының ресми сайтында ақпарат жарияланады.
«Ұлы Дала - 2024» кітаптар шығару халықаралық конкурсын жариялаймыз