Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министрдің айтуынша осы күндері басқа елдерде жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының еңбек және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты 8 жаңа үкіметаралық келісімге қол қою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Қазақстанды Оңтүстік Кореяның жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне (EPS) енгізу бойынша тиісті шаралар қабылданды», деді Светлана Жақыпова.
Сонымен қатар министр Қазақстан азаматтарының шетелде заңды еңбек қызметін ұйымдастыру үшін жеке жұмыспен қамту агенттіктерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді де жоспарлап отырғандықтарын қоса хабарлады.
Дереккөз: Egemen.kz