2025 жылғы 22 мамырдағы Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Бейжің қаласындағы Қазақстанның мәдени орталығы» мекемесі құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Орталық 2023 жылғы 27 қарашада Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында мәдени орталықтар ашу туралы келісім аясында құрылып отыр.
Аталған мекеме бойынша уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі айқындалды.