Ұлттық құндылықтарды үйрету жобасына өтінімдер қабылдау басталды

16 Қаңтар, 2024

«Отандастар қоры» КеАҚ  (бұдан әрі - Қоғам) биыл да дәстүрлі өнер мен ұлттық спортты дәріптеу мақсатында шетелдегі қазақтар шоғырланған елдерде домбыра, би, қазақша күрес, садақ ату, тоғызқұмалақ т.б. оффлайн сабақтарды өткізетін мұғалімдерді қаржыландыруды жалғастырмақ. 

Жоба қазақ халқының дәстүрлі спорт пен өнер түрлерін кеңінен таныстыруға және отандастардың ұлттық санасын рухани жаңғыртуға негізделген. 

Қоғам үйірме жобасын алғаш 2023 жылы сәуір айында бастаған болатын.

Негізгі мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды және отандастарды қолдау, дәстүрлі өнер мен ұлттық спортты дәріптеу, қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттау.

Жобаға қатысушылар өз тұрғылықты жерінде дәріс беруге ниетті ұйым немесе жеке тұлғаларға Қоғам тарапынан  арнайы талаптар белгіленген:

  1. дәстүрлі өнер мен ұлттық спорт түрлерін үйрететін оқытушы өз кәсіби біліктілігін растайтын құжатының болуы;
  2. жылдық оқыту жоспарының болуы;
  3. сабақтарға қатысатын отандастар мен этникалық қазақтар саны 10-15-тен кем болмауын қамтамасыз ету;
  4. өткізілетін сабақтар айына 12 сабақ кем болмауы;
  5. сабақтарды өткізу нәтижелері туралы айлық есептерін Қоғамға тапсыру. 

Ережелерге сай жасақталған өтінімдеріңізді otandastarqory01@gmail.com эл.поштасына 25.01.2024 жылға  дейін жолдаңыз!

Толығырақ +7 777 227 7984 / Лаура Болатова

Ұлттық құндылықтарды үйрету жобасына өтінімдер қабылдау басталды