2024 жылғы 15 қаңтарда Еуропалық Комиссияның Вице-президенті Маргаритис Схинастың Астанаға сапары өтті.
Сапар аясында Еурокомиссия өкілі Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен және ҚР Көлік министрі Марат Қарабаевпен кездесулер өткізді.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықтың, атап айтқанда, «Транскаспий халықаралық көлік дәлізін» дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимылдың түйінді сәттерін, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелерді талқылады.