ҚАЗАҚСТАН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СУЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ НИЕТТІ

12 Ақпан, 2024

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқығы туралы конвенция аясында трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін шешуге ниетті.

Қазақстан 2024 жылы аталған конвенцияға қосылды.

Конвенция трансшекаралық өзендердегі судың әділ бөлінуін қамтамасыз ететін және оны пайдалануды реттейтін халықаралық құжат болып табылады.

Халықаралық келісім су бөлуге қатысты ықтимал дауларды шешу үшін және барлық тараптың мүддесіне сай су ресурстарын дамытуға мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жасайды.

Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге зиян келтірумеу үшін тиісті іс-шараларды қабылдайды. Сондай-ақ су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы қолжетімді деректермен тұрақты негізде бөліседі. Сонымен қатар, су ағыны елдері бір-бірімен кеңесіп, жоспарланған іс-шаралардың Халықаралық су ағынына ықтимал әсері туралы келіссөздер жүргізуде.

ҚАЗАҚСТАН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРДІҢ СУЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУГЕ НИЕТТІ