ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тану

04 Сәуір, 2024

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.

Палата отырысында депутаттар «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Келісімге сәйкес философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты және ғылым докторы сияқты ғылыми дәрежелер туралы құжаттар растаусыз танылады.

Мұндай құжаттардың иелері ғылыми дәрежесі үшін үстемеақы талап еткен жағдайда ерекшелік қарастырылған. Сондай-ақ заң нормалары ғылыми кадрлармен алмасуды ынталандыруға және ЕАЭО-ға мүше елдердің білім беру жүйелерін интеграциялауға, университеттер мен зерттеу институттары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға арналған.

 

gov.kz

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды тану