Елорда әуежайында Avis халықаралық компаниясы ұсынған қызмет түрі іске қосылды

21 Маусым, 2024

Елорданың халықаралық әуежайы жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту аясында жұмыстарды жалғастыруда

Елордалық әуежайда әлемнің 160-тан астам елінде автокөліктерді жалға беру пункттері бар Avis халықаралық компаниясының автокөліктерді жалға беру қызметі іске қосылды.

Сонымен қатар Рarqour компаниясымен бірлесіп, елордалық әуе айлағы Valet Service жаңа қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл жолаушыларға өз көлігін терминал аумағындағы ыңғайлы жерде қалдыруға және бірден тіркеу үрдістерін бастап кетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар елордалық әуежай аумағында жөндеу-құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жазғы кезеңде тиісті микроклиматты қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау үшін әуежай климаттық жабдықтар және терминалдардың желдету жүйелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Ішкі ұшу терминалында орналасқан намаз оқуға арналған арнайы бөлмелері қайта құрудан өтті. Сондай-ақ Астана халықаралық әуежайының екінші қабатындағы Т2 стерильді аймағында қосымша жасалған намаз бөлмесі қолжетімді.

Жалпы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру — әуежай үшін басымдық берілетін тұрақты бақылаудағы мәселе.

 

gov.kz

Елорда әуежайында Avis халықаралық компаниясы ұсынған қызмет түрі іске қосылды