Қандастардың назарына! Шетелдегі этникалық қазақтарға грант беру жеңілдетілді

17 Шілде, 2024

Қандастардың назарына!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отандастар қоры» КеАҚ шетелдегі Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарына түсуге арналған жаңа жеңілдетілген талаптарды қабылдады. Бұл өзгерістер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің №600 және №204 бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырылды. 

Жаңа талаптар мыналарды қамтиды:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері үшін ҰБТ тапсырған кезде шектік балл болмайды.
2. Бес емтиханның орнына үш емтихан тапсырылады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пәннен).
3. Төрт жоғары оқу орнын таңдау мүмкіндігі сақталып отыр.
4. Қазақ тілін толық меңгермеген азаматтар емтихандарды орыс тілінде тапсыра алады.

Қандастардың назарына! Шетелдегі этникалық қазақтарға грант беру жеңілдетілді