Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындау туралы Мемлекет басшысының Жарлығы

06 Қыркүйек, 2024

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

1980 жылы 2 шілдеде Павлодар қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін үздік бітірген. 2011 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы арқылы Ұлыбританияның Ноттингем университетінде магистр дәрежесін алды.

Дипломатиялық қызметін 2002 жылы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастады. 2003-2004 жылдары Еуропа және Америка департаментінде атташе, ал 2004-2005 жылдары Сыртқы істер министрі Кеңсесінің атташе, содан кейін үшінші хатшысы болып жұмыс істеді.

Қазақстанның Швециядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2022 жылдың наурыз айынан бастап Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық департаментінің директоры болды.

 

tengrinews.kz

Qazalem аудармасы

 

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісін тағайындау туралы Мемлекет басшысының Жарлығы