Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

06 Қыркүйек, 2024

KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады. 

— Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! — деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, парадзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының жеңімпазы атанды.

Отандасымыз финалда Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді. 

Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді.

 

Автор

Жанат Қапалбаева

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады