2024 жылғы 3 желтоқсан күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі Су Юймен кездесті.
Қытай тарапынан кездесуге ҚХР Қазақстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы Шиюй Ван, үшінші хатшысы Хань Шу және Елшіліктің атташесі Жуйци Чжэн қатысты.
Кездесуде таза энергетикалық технологияларда қолданылатын стратегиялық маңызды минералдар саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ 2024 жылдың шілде айында ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру мәселелері талқыланды.
Алдағы уақытта тараптар Қытай компаниялары мен қазақстандық кәсіпорындардың делегацияларымен кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл кездесулер барысында екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланатын болады.
Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы байланысты дамытуға бағытталған бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыруға келісті.