2025 жылғы 28-29 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы үкіметаралық комиссияның 13-ші отырысында Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2025 жылы Пәкістан Ислам Республикасына сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы транзиттік сауда туралы келісімді аяқтауға және оған қол қоюға уағдаласты.
Келісім жобасы көлік-логистикалық рәсімдердің негізін қалайды, онда екі тарап бір-біріне алдын ала келісілген маршруттар бойынша транзиттік сауда жасауға және елдер арасындағы кедендік әкімшілендіру шеңберінде экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беруге міндеттенеді.
Осыған байланысты, ҚР сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы транзиттік сауда туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасы Үкіметі арасындағы транзиттік сауда туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын жариялады. Аталған жоба
2025 жылдың 2 қазанынан бастап 2025 жылдың 17 қазанына дейін «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылау үшін орналастырылады (сілтеме https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15610503 ).