ШЫҰ саммитінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды

01 Қыркүйек 2025

Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер мемлекет басшылары кеңесінің отырысы барысында 20 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды «Kazinform» Ақордаға сілтеме жасап.

  1. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мемлекет басшылары кеңесінің Тяньцзинь декларациясы;

  2. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мемлекет басшылары кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша құжаттарды бекіту туралы шешім:
    – Шанхай ынтымақтастық ұйымын 2035 жылға дейінгі дамыту стратегиясы;
    – Шанхай ынтымақтастық ұйымының аумағында экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл саласындағы 2026-2030 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
    – 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясын іске асыру жөніндегі жол картасы;

  3. Лаос Халық Демократиялық Республикасына Шанхай ынтымақтастық ұйымының диалог бойынша серіктесі мәртебесін беру туралы шешім;

  4. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жанындағы бақылаушы мәртебесін алу туралы шешім;

  5. «Шанхай ынтымақтастық ұйымының серіктесі» мәртебесі туралы шешім;

  6. Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласын 2025–2026 жылдары Шанхай ынтымақтастық ұйымының туристік және мәдени астанасы деп жариялау туралы шешім;

  7. ШЫҰ Бас хатшысының құжаттарға қол қою жөніндегі өкілеттіктері туралы шешім:
    – 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығының Қытай Халық Республикасындағы болу шарттары туралы келісімге хаттама;
    – Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы мен «Росконгресс» қоры арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

  8. Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі туралы есептерді бекіту туралы шешім:
    – Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысының ұйым қызметі туралы есебі;
    – Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының 2024 жылғы қызметі туралы есебі;

  9. Шанхай ынтымақтастық ұйымының Есірткіге қарсы орталығы туралы келісім;

  10. Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттерінің қауіпсіздікке қатерлер мен сын-қатерлерге қарсы әрекет ету жөніндегі әмбебап орталығы туралы келісім;

  11. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына және Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толуына байланысты Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мемлекет басшылары кеңесінің мәлімдемесі;

  12. Цифрлық экономика саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдеме;

  13. Энергетиканың тұрақты дамуы жөніндегі мәлімдеме;

  14. «Жасыл» өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы мәлімдеме;

  15. Жасанды интеллект саласында халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы мәлімдеме;

  16. Көпжақты сауда жүйесін қолдау туралы мәлімдеме;

  17. Әлемдік есірткі проблемасын тиімді шешу және онымен күрес жүргізу туралы мәлімдеме;

  18. Ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастық туралы мәлімдеме;

  19. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті министрліктері мен ведомстволары басшыларының тұрақты даму саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту туралы мәлімдемесі;

  20. 2004 жылғы 17 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы ШЫҰ Хатшылығының Қытай Халық Республикасындағы болу шарттары туралы келісімге хаттама.

Бұған дейін Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер мемлекет басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйлеген болатын. Мемлекет басшысы Қазақстанның ШЫҰ қауіпсіздік орталықтарын құруды қолдайтынын және инвестициялық жобалар үшін АХҚО жанынан ШЫҰ офисін ашуды ұсынатынын атап өтті. Сондай-ақ Президент Қазақстан «Трансалтайлық диалог» бастамасын қолдап, ШЫҰ жасанды интеллекттің жедел дамуында жаһандық көшбасшы бола алатынына сенім білдірді.

ШЫҰ саммитінде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылды