Қазақстандық әуе компанияларына 6 елдің үстінен ұшуға тыйым салынды

24 Маусым 2025

13 маусымнан бастап Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларға 6 елдің – Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды.

Осыған байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады.

Қазақстандық әуе компанияларына 6 елдің үстінен ұшуға тыйым салынды