Ұлттық музейде 1 айға созылған ауған қазақтарының кілем көрмесінің жабылу салтанаты өтті

17 Қаңтар 2024

2023 жылы 27 желтоқсанда Астана қаласы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің төрінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Отандастар» қоры мен «Elsana Amanat» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастыруымен  «Уақыт құшағында» атты ауған қазақтарының кілем көрмесінің ашылу салтанаты өткен болатын. Бүгін 1 айға созылған көрме өз мәресіне жетіп, елге келген отандастарымыздың ыстық ықыласы мен табысты ұсыныстарымен түйінделді.
 
Көрменің басты мақсаты – Ауғанстанда қолдан тоқылған қазақ кілемдерінің көрмесін ұйымдастырып, ұлттық құндылықты паш етумен бірге Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына үлес қосу, қазақстандық кілем тоқушылар қозғалысын дамыту, қазақ кілемі мен кілем тоқымасын насихаттау.

100% жүннен тоқылған кілемдерді көруге 5000 жуық қонақтар келіп , көпшілігі қол еңбегі мен көз еңбегі ұштасқан алашаларға таңдай қаққан. Себебі, бұл кілемдер - әлемдік нарықта кездесетін кілемдерден сапасы жағынан да,ою-өрнекпен көмкерілген сәні жағынан да ерекшеленеді. Екіншіден, қолөнердің биік шыңы. Мысалы, 1 кілемді 2-3 шебер 3-7 айлап тоқиды.

Көрмеге 2023 жылы тоқылған жаңа топтамадағы 60 кілем қойылды. Отандасымыз негізін қалаған «Nasim Nayman Qazaq Karpet» компаниясы алдағы уақытта Қазақстанға келіп, кілем тоқу өнерін дамытуға ниетті. Кәсіпкер мемлекет тарапынан қолдау болса 100-ге жуық азаматқа кілем тоқу өнерін үйретуге дайын екенін айтады.

#Otandastar #Qandastar #Qazaqtar

Ұлттық музейде 1 айға созылған ауған қазақтарының кілем көрмесінің жабылу салтанаты өтті