2020 ЖЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

30 Желтоқсан, 2021

 

2020 жылы екі іс шара бойынша шетелде тұратын қазақтарды қолдау, репатриация және шетелдегі отандастармен өзара іс-қимылдың халықаралық тәжірибесін бойынша талдамалық зерттеулер жүргізілді: 

І іс-шара. Шетелдегі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен репатриацияның нормативтік-құқықтық қалпының мәселелері бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер жүргізу.

Зерттелген елдер: Әзірбайжан, Армения, Израиль, Қытай, Моңғолия, Польша, Ресей, Өзбекстан.

Мақсаты шетелдегі қазақтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мәселелері және қоныс аударудың нормативтік құқықтық жағдайы бойынша жиынтық – талдамалық зерттеулер жүргізу жұмысын ұйымдастыру болып табылатын жүргізілген жұмыстан алынған нәтижелер негізінде мынадай қорытынды жасауға болады. 

1-міндет бойынша (Шетелдегі қазақтардың әлеуметтік құрылымын, жұмыспен қамтылуын жағдайын және кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндіктерін зерттеу) жүргізілген зерттеу барысында Ресейдегі, Монғолиядағы, Қытайдағы және Өзбекстандағы этникалық қазақтардың едәуір бөлігі ауылдық жерлерде немесе шағын қалаларда тұрады. Тұтастай алғанда, шетелдегі этникалық қазақтардың білім, медцина, экономика, мәдениет, өнеркәсіптік сектор, мемлекеттік басқару, шағын және орта бизнес сияқты барлық қызмет салаларында жұмыс істейтіндігі анықталды.

Ұлттық (этникалық) өзін-өзі танудағы ана тілінің (қазақ тілінің) мңыздылығына қарамастан оны осы елдерде пайдалану дәрежесі айырмашылық жасайды. Егер Ресейде қазақ тілін пайдалану деңгейі жылдар өте келе төмендеп жатқан болса, онда Қытайда, Монғолияда және Өзбекстанда қазақ тілін білу деңгейі әлі де жоғары және 80%-дан асады.

Зерттелетін елдерде өмір сүру деңгейін талдау этникалық қазақтар тұратын елдердің экономикалық даму деңгейі отандастардың тарихи отанына қайтуына едәуір ықпал ететіндігін көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасындағы қазіргі жеңілдіктермен салыстырғанда жоғары әлеуметтік  жеңілдіктер мен артықшылықтар қазақтардың шетелде тұруын барынша ынталандыра түсетіндігін көрсетті.

2-міндет бойынша (Шетелдегі қазақтардың негізгі әлеуметтік проблемаларын зерттеу және әлеуметтік бейімделу деңгейін анықтау) шетелдегі этникалық қазақтардың негізгі әлеуметтік проблемалары және олардың тұру елдерінде әлеуметтік бейімделу деңгейі анықталды.  

Жалпы басты әлеуметтік проблемалар арасынан ұлттық өзін өзі тануға, өмір сүру сапасына, білім алудың қолжетімділігіне байланысты мәселелерді атап өтуге болады.  

3-міндет бойынша (Репатриация мәселелері жөніндегі ҚР нормативті-құқықтық базасын зенттеу және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау) қоныс аудару бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық базасы зерттелді және осының негізінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды.  

4-міндет бойынша (Репатрианттарды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз етуді қолдау бойынша ынталандыру шараларын негіздеу) жүргізілген талдамалық зерттеу шеңберінде қоныс аударушыларды материалдық және әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша ынталандырушы қолдау шаралары негізделді. Сонымен, этникалық қоныс аударудың негізгі түрткісі тұрғын үй, жұмыс, ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне арналған жер учаскелері, көшуге, жүкті алып өтуге және құжаттарды рәсімдеуге жұмсалатын өтемақылық шығындар, сондай-ақ отбасына бірреттік жәрдемақы төлеу болып табылады. 

Барлық әлеуметтік шығындар зерттелетін елдердегі валюта бағамын ескере отырып үш опция бойынша есептеліп, негізделді. Бұдан басқа, есептелген шараларға негіздемелер қалыптастыру мақсатында 100 000 еңбекке жарамды қоныс аударушылар ағымынан болатын әлеуетті экономикалық нәтиже және Қазақстан Республикасы азаматтарының дәл сондай бөлігінің кетуінен болатын экономикалық жоғалтулар есептелді.  

5-міндет бойынша (Репатрианттарды әлеуметтік-экономикалық қолдаудың кешенін шараларын әзірлеу: ҚР-дағы этникалық миграцияны экономикалық ынталандырудың және олардың қазақстандық еңбек нарығына тиімді еніп, ел экономикасының түрлі салаларында кәсіпкерлікпен (оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісінде) айналысуы үшін ұсыныстар дайындау) қоныс аударушыларды әлеуметтік-экономикалық қолдау шараларының кешені әзірленді: Қазақстан Республикасында этниклық көші-қонды ынталандырудың экономикалық шаралары мен оларды қазақстандық еңбек нарығына тиімді кіріктіру, ел экономикасының түрлі салаларында (оның ішінде ауыл шаруашылық өндіріс) кәсіпкерлікпен айналысу бойынша ұсыныстар дайындалды.

Аталған міндет шеңберінде этникалық қоныс аударушыларды ынталандырудың қорытынды әлеуетті шараларының 3 опциясы дайындалды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін қоныс аударушылар үшін жеңілдіктер рәсімдеу мүмкіндіктері қарастырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасына келетін қоныс аударушылар ағымынан болатын әлеуметтік және экономикалық нәтижеге бағалау жүргізілді.  

6-міндет бойынша (Репатрианттық қоғамдастық көшбасшыларының пікірлерін зерттеу және талдау) қоныс аудару қауымдастықтары көшбасшыларының пікірлеріне талдау жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің шегінде қоныс аударушылар пікірлерінің көшбасшыларының жекелеген тізімдері қалыптастырылды.

Жүргізілген зертету қорытындысы бойынша мына құжаттар дайындалды:

    • «Еңбек» жұмыспен қамту, «Қазақстан Республикасының өңірлерін дамыту, оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі» , өнеркәсіптік кешенді дамыту, «Бизнестің жол картасы» бойынша қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларын толықтыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар ұсынылды.
    • әкімдерге ұсынымдар дайындалды;
    • құжаттарды рәсімдеуге, көшуге және жүкті алып өтуге, тұрғын үй сатып алуға жұмсалатын өтемақылық шығындар негізделді;
    • қоныс аудару туралы заңды іске асыруға жұмсалатын болжалды шығындар есептелді.

ІІ іс-шара. Отандастарды Отанына қайтарудың мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу.

Зерттелген елдер: Армения, Грузия, Әзірбайжан, Италия, Румыния, Мексика, Латвия, Литва, Эстония, Болгария, Қытай, Үндістан, Украина.

Мақсаты тұру елдеріндегі диаспораларды әртүрлі түрде және нысандарда қолдаудың халықаралық тәжірибесін меңгеру болып табылатын жұмыстарды атқару барысында алынған нәтижелердің, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар негізінде шетелде тұратын отандастардың тарихи Отанына қайта оралуына, қоныс аударуына (репатриация) жәрдем ету практикасының, бейімдеу шараларын қарастырудың, сондай-ақ зерттелетін елдердегі диаспоралық саясат мәселелері жөніндегі заңнаманың негізінде мынадай қорытынды жасауға болады.

1-міндет бойынша (Шетелде тұратын қандастарды қайтаруға ынталандыру және орналастыру бойынша зерттелетін елдердің құқықтық базаларын зерттеу) жүргізілген зерттеу барысында шетелдік отандастарды қолдау мәселелерінде Армения мен Әзірбайжан елдері біріншіден, аталған мәселені реттеуде кешенді тәсілді әзірлегендігі, екіншіден, Әзірбайжан жағдайында шетелде тұратын әзірбайжандарды қолдаудың мемлекеттік саясаты өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап қалыптаса бастағандығы анықталды.

Зерттелетін елдердің құқықтық базасында шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау саласында Қазақстан Республикасының осыған ұқсас актісін әзірлеу кезінде ескеруге болатын белгілі бір ерекшеліктер бар. Сонымен, мысалы, Қазақстан Республикасы үшін «шетелдегі отандас» терминін заңнамалық түрде бекіту кезінде Әзірбайжанның «шетелде тұратын әзірбайжандар» түсінігін анықтаудағы тәжірибесі оңтайлы болады.

Шетелдік отандастарға қатысты өзіндік мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселесінің басты шешімі ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясына (Әзірбайжан Конституциясына ұқсас) Қазақстан Республикасының шетелде тұратын өз отандастарын қолдауын бекітетін норманы мемлекет міндеттемелерінің бірі ретінде енгізу ұсынылады.

Мақсаты Отанға қайта оралу, қайта кіріктіру процестері және осы бағытта іске асырылатын бағдарламалар туралы пайдалы ақпарат беру болып табылатын ақпараттық веб жүйесін (Арменияға ұқсас) әзірлеу қажет.

Шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау мәселелерінде Армения, Грузия, Әзірбайжан, Италия және Румыния тәжірибесіне де назар аударуға, оңтайлы аспектілерді қабылдап алу ұсынылады.

2-міндет бойынша (Тарихи Отанына қайтқандарға материалды және өзге әлеуметтік жағдайлар жасаудағы мемлекеттік шараларды анықтау) Арменияның шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауы 2007 жылы қабылданған арнайы заңнамалық актіден және мемлекеттің диаспоралық саясатының барлық аспектілерін бірізді жүзеге асыратын Армения Республикасының жекелеген арнайы құрылған Диаспора министрлігінің қызметінен бастап барлық жерде көрінеді.

Армения Республикасының Диаспора министрлігінің жұмысы негізге алатын басты қағидалар мен мақсаттар мыналар: 1) Армения – тұрған жеріне қарамастан барлық армяндардың отаны; 2) өзін армян деп сезінетіндердің барлығы армяндар болып мойындалады; 3) диаспора армяндары Арменияда бизнеспен айналысып, лайықты табыс алуы мүмкін және тиіс; 4) әрбір армяндық өз этникалық ерекшелігін және ұлттық құндылықтарға беріктігін сақтай отырып тұратын елінің қоғамына барынша кіріккен болуы тиіс;                           5) Арменияның заңнамасы Армениядағы армяндар диаспорасының құқықтары мүмкіндігінше кеңеятіндей етіп өзгертілуі тиіс; 6) Армения Республикасының Диаспора министрлігі – бұл тиісті өкілеттіктері бар мемлекеттік орган; 7) диаспорамен жұмыс істеу формуласы – «тану, сену, ынтымақтасу». Бұл қағидалар қазақстандық заңнама үшін үлгі бола алады!

Әзірбайжан тәжірибесіне қатысты алар болсақ, онда Әзірбайжан заңнамасының тарихи отанына келгендерге материалдық және басқа әлеуметтік жағдайлар жасау бойынша нақты мемлекеттік шараларды анықтауға бағытталмағандығына қарамастан, әлем әзірбайжандарының өздерінің тарихи отанымен байланыстарын дамытуды, отандастардың ұлттық ерекшелігін сақтауды, диаспора әлеуеті есебінен ұлттық мүдделерді аса сенімді нысанда байытуды, диаспорааралық байланыстарды кеңейтуді, олардың мәдени және саяси құқықтарын қорғауды негізге алатын мемлекеттік саясат Әзірбайжанда анық құрылған.

Осыған байланысты, шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау мәселелерінде Әзірбайжан тәжірибесіне назар аударуға, экономикалық саясат бөлігінде оңтайлы аспектілерді қабылдап алу ұсынылады.

Мексиканың оңтайлы тәжірибесі мемлекеттің шетелдегі мексикалық диаспораны қолдауға, отанға қоныс аударуға кешенді түрде қарайтындығына негізделеді.  

3-міндет бойынша (Шетелде тұратын қандастарды мәдени-гуманитарлық, тілдік, іскерлік және өзге түрдегі тәжірибелерін және қолдау түрлерін білу) шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау бойынша заңнамалық шараларды Қазақстан Республикасының Конституциясынан бастау мақсатқа сай болады, себебі Армения мен Грузияның ұқсас негізгі заңдарын зерттеу шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау ең алдымен елдердің конституциялық актілеріне енгізілгендігін көрсетеді. Содан кейін конституция нормалары шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдауға бағытталған арнайы заңдарда әрі қарай нақтылана түседі деп белгіленген.

2020 ЖЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР