Швециядағы қазақстандық жастар отандық бизнестің дамуына қолдау жасауға ниетті

01 Қараша, 2019

«Отандастар» Қоры делегациясы 23 қазан күні Швециядағы Қазақстан жастары қауымдастығының мүшелерімен кездесті.

Кездесуде қазақстандық жастардың Швециядағы тыныс-тіршілігі мен олардың алдағы жоспарлары талқыланды. Жиын барысында ұйым төрағасы Айдана Бекберген ҚР Швециядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Құдайбердіұлы Әбдрахмановқа сенім хатын тапсырды.

Мұнда студенттермен қатар,  түрлі мамандық бойынша жұмыс істейтін қазақстандық жастар баршылық. Студенттер батыстық модель бойынша білім алса, жұмысшылар халықаралық компаниялардан тәжірибе жинап жүр. Олар игерілген білім және алған тәжіребиелерімен қазақстан ғылымының дамуына үлес қосуға дайын. Жастар Қордың «Атамекен» іскерлік үйі» жобасының шет елде сәтті жүзеге асырылуына ниетті.                                             

Кездесу соңында жастар қауымдастығы болашақ мүшелеріне 2025 жылы ашылатын, тәжірибеде тұңғыш рет электрондық форматта үндеумен уақыт капсуласын қалдырды.                                                                                   

Құрамында 30-ға жуық студент - мүшесі бар қауымдастық бүгінде Қазақстан Республикасының Швециядағы Елшілігімен тығыз жұмыс істейді.

 
Швециядағы қазақстандық жастар отандық бизнестің дамуына қолдау жасауға ниетті