Атырау облысы әкімдігі мен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында шетелдік және Қазақстан Республикасына қоныс аударған этникалық қазақтарға қолдау көрсету мақсатындағы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қою рәсімі өтті.
Аталған шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Б.Хаменова, «Отандастар қоры» КЕАҚ-ң Президентінің кеңесшісі С.Түйтебеков және де облыстық Ішкі саясат, Тілдерді дамыту, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, Дене шынықтыру және спорт, Білім беру, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары мен Атырау облыс Полиция департаменті және Үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Б.Хаменова, «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы президентінің кеңесшісі С.Түйтебеков сөз сөйлеп, екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.