«Отандастар қорының» 10 өңірдегі фронт кеңсе мамандарымен онлайн жиналыс өтті

15 Қыркүйек, 2020

Бүгін «Дүниежүзі қазақтаының қауымдастығы» мен «Отандастар қорының» 10 өңірдегі фронт кеңсе мамандарымен онлайн жиналыс өтті. Жиынға 24 адам қатысты. Департаментінің атауы өзгеруіне байланысты жаңа форматта жұмыс жалғастыру мақсатында сарапшы операторлардың пікір-ұсыныстары талқыланды.

Өңірлердегі сарапшы операторлардың қызметі бойынша атқарып жатқан міндеттемелеріне қатысты еш өзгеріс болған жоқ. Барлық өңірлердегі фронт кеңсе мамандары елге көшіп келген қандастардың ҚР азаматтығын қабылдауға дейінгі жүмыстарына қолдау көрсетіп, тікелей ақпараттық ақыл кеңес беру, сүйемелдеу, құжаттарын рәсімдеуге көмектесу, олардың жаңа ортаға бейімделуіне жергілікті құзырлы мемлекеттік органдармен берлесіп жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар «Отандастар қоры»  тарапынан облыс әкімдіктерімен «Нұр-Отан» партиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғандығы ескертілді.

Елге келген қандастарымыз «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» мен «Отандастор қоры» олардың Колл орталықтары мен өңірлердегі фронт кеңселері жөнінде толық ақпарат алу, веб-сайттары мен байланыс-орталығы қызметі 1404 (ұялы қоңыраулар үшін), 8-800-080-1404 (Қазақстан бойынша қоңыраулар үшін), +7 (7172) 981404 (Қазақстан және шетелден шалынатын қоңыраулар үшін) нөмірлері бойынша қолжетімді, сондай-ақ WhatsApp және Telegram мессенджерлері, Skype қоңырауларға арналған құралының көмегімен де хабарласып, туындаған сауалдардың барлығына жауап алуға толық мүмкіндіктері бар екенің білуге тиісті.

«Отандастар қорының» 10 өңірдегі фронт кеңсе мамандарымен онлайн жиналыс өтті