«Отандастар қорының» жанында Қандастарға қолдау көрсету орталығы жұмыс істейтіні көпшілікке мәлім. Бүгінде Қазақстанның 10 облысында осы орталықтың өкілдері бар.
Осыған дейін қандастарға сапалы қызмет көрсетіп, мәселелерін нақты шешу үшін жұмыс істеп жүрген кәсіби мамандарымызбен таныстыру мақсатында жаңа айдар арнаған едік. Сонымен таныс болыңыздар – Қарағанды облысы бойынша Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының сарапшысы Меруеш Башай.
Меруеш Башай Моңғолияның Баян Өлкесінде туған. Моңғолия мемлекеттік өнер-мәдениет университетін қоюшы режиссер, Қарағанды мемлекеттік университетінің менеджмент-экономист факультетін тамамдаған. Қазақстан және Моңғолия елдерінің мәдениет қайраткері болып табылады. Көп балалы ана, күміс алқа иегері.
Башай Меруеш 1990-1993 жылдары мұғалім-мәдени қызметкерлер техникумын бітіріп, еңбек жолын 1993 жылы Баян-Өлкенің Қазақ музыкалық драма театрынан бастаған. Ол мәдениет саласында 27 жыл үздіксіз еңбек етіп келеді. Қоғамдық салада да аса белсенді. Атап айтқанда қандастардың азаматтық алуы бойынша және олардың жаңа ортаға бейімделуіне септігін тигізуде.
2020 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталған. Осы күнге дейін беймәлім болып келген қазақ халық композиторларының жүзден аса әндерін атажұртқа жеткізді. Оларды қазақ оркестріне түсіртіп, еліміздің барлық өңірлерінде орындап, халық арасында насихаттап жүр.
Меруерт Башай 1991 жылдан бастап тарихи Отанына көшіп келгендерге азаматтық алу, күрделі сұрақтарын құзырлы мекемелермен бірлесе шешу сондай-ақ қандастарға Қазақстанның азаматыған алу юбойынша қолдау көрсетіп жүр.