Құрметті үміткерлер, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.
Грант саны:
Диаспора - 1 300
Тілдік курстар - 200
Коронавирус пандемияcына байланысты дайындық бөлімдеріне түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін құжаттар онлайн режимінде ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы қабылданады.
Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде https://enic-kazakhstan.kz/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov-1 сайтында 2020 жылдың 5 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін тапсыра алады.
Құжаттарды тапсыруға арналған қадамдық нұсқаулық
Қажетті құжаттар:
1. еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;
2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
4. 086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).
Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында табуға болады.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады:
Тел.: +7 (7172) 28 75 26
E-mail: admission@n-k.kz