2026 жылғы 11 наурызда Астана қаласындағы Корея Республикасының Елшілігінде диаспоралық саясат мәселелері мен екіжақты ынтымақтастықтың келешегіне арналған жұмыс кездесуі өтті.
Талқылауға «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, президент кеңесшісі Қалыбек Қобландин және жобалық консультант Жанель Қаржаубай қатысты.
Оңтүстік Кореяның дипломатиялық өкілдігі тарапынан кездесуге Елшілік кеңесшісі Син Кюхо, саяси бөлім басшысы Ким Иль-Джунг және саяси бөлімнің бас сарапшысы Шин Мин-гёнг қатысты. Тараптар шетелдегі отандастарға қатысты мемлекеттік саясатты іске асыру тәжірибесімен алмасып, мәдени-гуманитарлық саладағы бірлескен жобалардың басымдықтарын айқындады.
Қатысушылар екі ел диаспоралары арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, отандастарды қолдаудың тиімді жолдарын бірлесіп әзірлеу үшін сарапшылар деңгейіндегі диалогты жалғастыруға келісті.