«Марко Полоның саяхаттары» кітабы қазақ тілінде жарық көрді

24 Ақпан 2026

2026 жылдың 24 ақпан күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Марко Полоның саяхаттары» (1559) кітабының тұсаукесері өтті. Бұл кітаптың қазақ тіліне жасалған алғашқы аудармасын Баян-Өлгийден келген зерттеуші және аудармашы Райма Ауесхан орындады. Ғасырлар бойы әлем оқырманына жол тартқан тарихи еңбек енді қазақ тілінде жарық көрді.

Іс-шараға Ка-Фоскари университеті (Венеция) өкілдері, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Алибек Жұрқадам, Назарбаев Университеті өкілдері және ЕҰУ профессор-оқытушылар құрамы мен зерттеушілер қатысты.

Аталған жоба Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуына серпін береді.

Тарих пен өркениеттерді тоғыстырған бұл еңбек қазақ оқырманы үшін тың таным мен жаңа көзқарасқа жол ашады.

«Марко Полоның саяхаттары» кітабы қазақ тілінде жарық көрді