2026 жылғы 31 қаңтарда «Отандастар қоры» КЕАҚ және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Jastar.mn» студенттік ұйымының бастамасымен, сондай-ақ «Астана» кәсіби баскетбол клубының қолдауымен IV халықаралық «Otandastar Cup» баскетбол турнирі өтті.
Дәстүрлі спорттық додаға қандас студенттерден құралған 9 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
– І орын – Nomad командасы
– ІІ орын – Бөкентау командасы
– ІІІ орын – ХОВД командасы
Төртінші рет ұйымдастырылған бұл турнир спорт арқылы Қазақстанда білім алып жатқан қандас жастардың бірлігін нығайтып, достық байланыстарды арттыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. «Otandastar Cup» алдағы уақытта да халықаралық деңгейдегі жастарды біріктіретін дәстүрлі спорттық жоба ретінде жалғасын таба бермек.