«Отандастар» қорының басты мақсатының бірі - Қазақстанға көшіп келген қандастарымыздың кәсіпкерлікпен айналысуына көмек көрсетіп, мүддесін қорғау.
Осыған орай «Отандастар қоры» КЕАҚ-тың бірінші вице-президенті Талғат Адуов, Бизнес және жобаларды акселерациялау департаментінің басқарушы директоры Ғазиз Тастаев елімізге алғаш қоныс аударған «Шымкент Кашемир» ЖШС-нің жүн өңдеу зауытының басшысы Шағанбек Қанжарбайұлы және Кореядан құрал әкеліп, елде жоқ «Ақ-маңдай» шұлық шығаратын кәсіпорын басшысы Тоқтаған Біржанұлымен кездесті.
Кездесу барысында өндіріс саласындағы көптеген өзекті мәселелер талқыланды. «Шымкент Кашемир» зауыты бойынша қылшық жүнді өңдеп, экспортқа шығару кезіндегі кедергілерді шешу жолдары қарастырылды.
Үшжақты кездесу нәтижесінде «Шымкент Кашемир» мен «Ақ Маңдай» кәсіпорындары өзара келісімге келіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр.
«Шымкент Кашемир» және «Ақ-маңдай» кездесуіне себепкер болған «Отандастар қоры» қандастарымыздың кәсіппен айналысып, осы салада туындаған мәселелерін шешуге септігін тигізуді ары қарай жалғастырады.