«Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық Комиссиясы ІІІ отырысының ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ
2019 жылғы 19 желтоқсан, Сағат 16.00
Қатысқандар:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту департаментінің директоры – Ғ. Шойкин, ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспорасымен жұмыс жасау басқармасының басшысы – М. Кәрібай, «Отандастар қоры» КЕАҚ (әрі қарай - Қоғам) және «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ-ның қызметкерлері, Қоғамдық Комиссиясының мүшелері (тізім бойынша).
Модератор – М. Бақтиярұлы, Қоғамдық Комиссияның төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік – мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның шетелдегі қазақтарды қолдау бағытындағы атқарылған жұмыстарының есебі - «Отандастар қоры» КЕАҚ вице – президенті М. Сарбасовтың баяндамасы;
2. ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспора мәселелері бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы - ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспорасымен жұмыс жасау басқармасының басшысы – М. Кәрібайдың баяндамасы.
_______________________________________________________________
Қоғамдық Комиссияның 3 отырында Отандастар Қоры тарапынан 2019 жылы жүзеге асырылған жобалар, олардың нәтижелері, отандастармен жұмыс жасаудың 2020 жылға арналған жоспары жайлы Қоғамның вице президенті М. Сарбасов баяндама жасады.
Бүгінде Қоғам мемлекеттік мекемелермен, бизнес ортамен және қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан құзырлы құрылымға айналды. Шетелдегі Отандастарымызбен байланыстарды нығайту мақсатында бірнеше ауқымды халықаралық іс-шаралар (кіші құрылтай, бизнес - форумдар, концерттер, «Отандастар. Болашаққа бағдар» атты халықаралық дөңгелек үстел және т.б.) өткізіліп, 2019-2022 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес бірқатар жобалар жүзеге асырылды.
Қоғам тарапынан шетелде тұратын қазақтардың мәселелерін зерттеу бойынша жиынтық-талдамалық зерттеулер мен отандастарды Отанына қайтарудың мемлекеттік қолдаудың халықаралық тәжірибесін зерделеу жобалары жүргізілді. Нәтижесінде Шетелдегі қазақтарды және ерікті қоныс аударуды қолдаудың шаралар кешеніне ұсынымдар әзірленді.
Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 18 мамырдағы №280 Қаулысымен бекітілген Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі қандастарымызбен жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы ҚР Сыртқы істер министрлігінің қазақ диаспорасымен жұмыс жасау басқармасының басшысы – М. Кәрібайдың баяндамасы тыңдалды.
Комиссия мүшелері тарапынан шет елдердегі қандастарымызды қолдау бойынша түрді ұсыныстар ортаға салынды. Солардың қатарында:
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тарих ғылымдарының докторы, профессор С. Қаржаубай - Қазақстандық жоғары оқу орындарына түсетін шетелдегі қазақ балаларының саны азайып барады. Осы жағдайдың стратегиясын пысықтауды;
- «Отандастар қоры» КЕАҚ президентінің кеңесшісі Қ. Қобландин - Монғолияда 400-ден астап телеарна бар. Алайда Қазақстанның бағдарламалары көп жерлерде көрсетпейді, өйткені сигнал Ресейдің Ямал спутник жүйесі арқылы тарайды. Осы мәселені АҚДМ арқылы шешу;
- «Астана» Халықаралық университетінің стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті Б. Сомжүрек - Астана халықаралық университеті тарапынан шетелдегі қазақ жастарының Нұр-Сұлтан қаласында басын қосып, «Бірінші халықаралық Форум» өткізу және т.б. ұсыныстар айтылды.
Қоғамдық Комиссияның 3 отырысын қорытындылай келе, М. Бақтиярұлы, Қоғамдық комиссияның 2020 жылғы жұмыс жоспарына ҚР БҒМ, МСМ, ІІМ және ЕӘҚМ жауапты қызметкерлерінің отырыс барысында көтерілген мәселелер бойынша баяндамасын енгізуді тапсырды.
Комиссия отырысының күн тәртібінде белгіленген барлық мәселелер қаралып, комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар тыңдалып, хаттамаға енгізілді.