Өңірлердегі фронт-кеңсе сарапшыларының қызметін көрсетуге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша маман


2024 ЖЫЛЫ ӨҢІРЛЕРДЕГІ ФРОНТ-КЕҢСЕ САРАПШЫЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУГЕ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАҒЫ ШАРТ БОЙЫНША МАМАН

Өңірлер: Алматы, Шымкент қалалары және Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары

Ай сайынғы жалақы: 200 000 теңге.

Жалпы біліктілік талаптары: жоғары білім.

Мынадай құзыреттердің болуы: ҚР-ға көшіп келген этникалық қазақтармен жұмыс тәжірибесі; қандастарға қатысты заңнамалық актілерді білу, хаттармен жұмыс істеу; қазақ тілін меңгеру, компьютерлік сауаттылық, коммуникабельділік, стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл.

Функционалдық міндеттер: шетелде тұратын және Қазақстан Республикасына келген этникалық қазақтарды ҚР азаматтығын алғанға дейін қолдау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, өтініш білдірген қандастардың қоңыраулар қабылдауы мен қоғамдық қабылдауын ұйымдастыру, құзыреті шеңберінде мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу, ай сайынғы есепті тапсыру, шартта көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Техникалық ерекшеліктері:

  • 1. Қоғамдық қабылдауға жүгінген қандастарды қабылдау, консультациялық қызметтер (онлайн немесе офлайн) көрсету.
  • 2. Қоғамдық қабылдау барысында, жүгінген қандастар бойынша ақпаратты қосымша жалғанған кестеге сәйкес толтыру.
  • 3. Ай сайын қоғамдық қабылдау нәтижесінде өңделген өтініштердің саны – 30-дан кем болмауы керек. Кестені электрондық форматта  есепті кезеңнің келесі айының 1-ші күніне дейін бэк офиске тапсыру қажет.
  • 4. Қандастар және уәкілетті органдардың өкілдерінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру (кездесу, қоғамдық қабылдаулар, сұхбаттар) – айына 4 шарадан кем емес.
  • 5. Шетелде тұратын және Қазақстанға қоныс аударған қандастар мен отандастардың өтініштері мен ұсыныстары негізінде, мәселелерді жүйелі шешу және алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға хат жолдау, оларға берілген жауаптарға мониторинг жүргізу.
  • 6. Facebook және instagram әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстарды тұрақты жүргізу, «Отандастар Қоры» КеАҚ ресми парақшаларындағы жаңалықтармен бөлісу.
  • 7. Қандастардың интеграция процесіндегі мәселелері және олардың шешілу жолдары, осы бағытта атқарылған шаралар туралы Facebook және instagram әлеуметтік желілерде айына 4 пост жариялау.
  • 8. «Отандастар Қоры» КеАҚ-тан түскен жазбаша тапсырмаларды орындау.
  • 9. Ай сайынғы шығармашылық есепте, қоғамдық қабылдау барысында жүргізілген жұмыстар мен ұйымдастырылған іс-шаралар фотолармен бірге жеке суреттеледі.
  • 10. Қорытынды есептің түпнұсқасы ай сайын бек-кеңсеге 5 күнтізбелік күн ішінде ұсынылуы кажет.
  •  
  • Байланысу нөмірлері: +7(7172) 235955
  • Электронды пошта: komek@oq.gov.kz (ұсыныстар мен түйіндемені жолдау үшін)
  •  
  • Шекті мерзімі: 11 қаңтар 2024 жыл