ҚАЗАҚСТАНДА ОҚЫП ЖҮРГЕН ҚАНДАС ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ


Жыл сайын 4000нан астам қандас елге оқуға келеді (дайындық бөлімі – 1300, ҰБТ- 1600, стипендилық бағдарлама - 100). Олардың көбісі Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Ресей мемлекеттерінен.

Отандастар қоры келген қандастарға жан-жақты қолдау көрсету үшін әртүрлі спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырып, жылда 20дан астам қандастың практикадан өтуіне мүмкіндік жасап отыр.

Биылдан бастап, Отандастар қорының қолдауымен ҰБТ тапсыру қандастар үшін жеңілдетілді. Сәйкесінше, бұл-болашақта қандастардың көбірек Атамекеніне келіп, білім алуына жол ашады.

Атауы

2019

2020

2021

2022

2023

2024

 

БАКАЛАВРИАТ (4% мемлекеттік квота шеңберінде)

Жалпы грант саны

53 785

53 864

56 561

73 000

73 061

78 219  

4% квота

2 151

2 155

2 262

2 920

  2922

2657

Тестілеуге қатысқан қандас талапкерлер

2 000

2 025

2 425

2 046

 1540

2000+

Грант иегері (қандастар)

863

909

780

654

 801

1604  

Грант игеру көрсеткіші

40,12%

42,18%

34,48%

22,4%

 27,4%

60,37%

 

ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМДЕРІ

 

Бөлінген грант саны

1 300

1 300

1 300

1 300

 1300

1300

Грант иегері (қандастар)

1 238

825

1 266

873

 1180

 

Грант игеру көрсеткіші

95,2%

63,46%

97,38%

67,7 %

 90,7 %

 

               

СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА   (Барлық шетел азаматтарына арналған)

Атауы

2019

2021

2022

2023

2024

Бөлінген грант саны

Бакалавр

Магистратура

Докторантура

160

550

490

50

10

550

490

50

10

550

490

50

10

550

490

50

10

Грант иегері (қандастар)

48

132

249

212

100

Қандастардың үлесі

30%

24%

45,2%

 38,5%

18,18%

Қандастар ең көп оқуға түсетін қалалар:

  1. Алматы
  2. Астана
  3. Шымкент
  4. Павлодар
  5. Қарағанды
  6. Семей
  7. Өскемен
  8. Тараз
  9. Түркістан
  10. Көкшетау

Ұсыныстар:

  1. Жыл сайын жарияланатын білім гранттары туралы ақпараттармен бөлісу;

Қазақстандық ЖОО оқуға мүмкіндік беретін стипениялық бағдарлама, ҰБТ, дайындық бөлімі тағы басқа да білім гранттары туралы ақпарат Отандастар қорының ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланады. Алайда, шетелде ауыл-аймақта тұратын қандас талапкерлерге бұл ақпараттар жетпей жатады. Бұл мәселені шешу үшін, жергілікті жердің азаматтары ақпараттандыру кездесулерін ұйымдастыру арқылы қандастардың елде ТЕГІН білім алуына ықпал ете алады.

  1. Оқуға келген қандастарға тәлімгерлік көрсетуге, практикадан өтуіне, жұмысқа орналасуына қолдау көрсету;

Қандастар арасында әртүрлі салада жетістіктерге жетіп, жарыстарда алдыңғы қатардан көрініп, жеке бизнеспен айналысып жүрген, мықты потенциалы бар жастар көп. Олардың арықарай дамуына, тәжірибе жинауына, жұмысқа оналасып елге қызмет етуіне қолдау көрсетуге шақырамыз.

Отандастар қоры сіз тұратын қаладағы ЖОО білім алып жатқан қандас студенттердің базасын ұсына алады. Сонымен қатар, қандас жастармен кездесу ұйымдастыру арқылы жақын-таныса аласыздар.

  1.  «Үздік қандас» стипендиясы

Отандастар қорымен бірлесе байқау ұйымдастырып, білімді, талантты қандас жастардың Қазақстандық ЖОО-да тегін білім алуына спонсор болуға шақырамыз.

Бұл стипендия Қазақстанға оқуға келген, өз қабілетін көрсеткен қандас студенттерге тағайындалып, олардың еңбегін мойындауға арналған. Бұл қаржылай көмек қана емес, ел алдында олардың жетістіктерін бағалаудың бір белгісі болады. Осы арқылы талантты жастарды қолдап, олардың Қазақстанда қалып, ел дамуына үлес қосуына үлкен мотивация беруге болады.

Стипендияны биылдан бастап іске асыруға болады. Үздік 30 қандасқа 9 ай бойы 30 000 теңгеден тағайындауға болады.

Толық ақпарат алу үшін: +77471783938