ҚАЗАҚСТАНДА ӨТЕТІН ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЛЕРГЕ КЕЛЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ САНЫН АРТТЫРУ


Jas Qazaq» жазғы этно-лагері шетелдегі этникалық қазақ балалары асыға күтетін жобаға айналды. Лагерьге 12-17 жасар қазақ диаспорасының балалары қатыса алады. Төрт рет ұйымдастырылған шараға әлемнің 13 мемлекетінен 700-ге жуық бала қатысты.

Міндеті: алыс-жақын шеттегі қазақ диаспорасының балаларына тарихи Отаны Қазақстанды көрсету, қазақ тілін, тарихын, қазақы құндылықтар, мəдениетімен тереңірек таныстыру.

Екі апта ішінде балалар қазақ тілі, тарихы, садақ ату, киіз үй тігу, атқа міну, домбыра, қазақ әндері мен билерін үйрену, қолөнер, мобилография, актерлік шеберлік және басқа да қызықты спорт түрлерін, танымдық ойындарды үйренеді.

Алғашқы лагерь 2019 жыл 10-24 шілде аралығында Астана қаласында орналасқан «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ базасында ұйымдастырылды. Оған Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Түркіменстан, Иран, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен 150 бала қатысты.

Екінші рет лагерь 2022 жылы 17-28 шілде Бурабайда орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектеп базасында өтті. Франция, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Түркия, Қырғызстан, Қытай елдерінен 84 қазақ диаспорасының балалары қатысты.

Үшінші рет «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында 2023 жылы 1-14 шілде аралығында өтті. Бұл жолы 8 мемлекеттен (АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Иран, Беларусь, Қырғызстан) 176 бала қатысты.

Соңғы рет, 2024 жылы 24 маусымнан 7 шілде аралығында «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтті. Оған Иран, Корея, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан сынды 7 мемлекеттен 250 оқушы қатысты.

Жыл сайын қатысушылардың орын саны шектеулі болғадықтан, балалардың шетелден көбірек келіп қатысуына қолдау көрсетуге шақырамыз.

Бір баланың 2 апта бойы жалғасатын лагерьге қатысу құны 250 000теңге

Қатысушы келіп-кету жол қаражатын өзі төлейді.

Сонымен қатар, медициналық документтері мен шетел папсорты болуы қажет.