ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ


Жобаның мақсаты: шетелдегі қазақ диаспорасы өкілдерінің өтініштеріне байланысты ұлттық киіммен, музыкалық аспаптармен және қолданбалы өнерден тұратын жиынтықтармен шетелдік қазақ мәдени орталықтарын қамтамасыз ету.

Қоғам 2019 жылы шетелдегі отандастарымызға көмек көрсету мақсатында әлемнің 21 еліндегі қазақ мәдени іскери орталықтарына 87 «Дәстүрлі қоржын» жиынтығын табыстады. Қоржын ішінде қазақ ұлттық костюмі, домбыра музыкалық аспабы, дәстүрлі «құрақ көрпе» және қазақ тұрмысы мен қолөнерінің басқа да элементтері бар. 2022 жылы әлемнің 17 еліндегі 43 мәдени орталыққа Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Туы – 38 дана, ұлттық киім – 67 жиынтық және ұлттық домбыра аспаптары – 94 дана табыс етілді. Ал 2023 жылы 26 мәдени орталықты қамтыды.

«Отандастар қоры» «Қоржын» жобасы арқылы қазақ диаспорасына ұлттық киімдер, домбыра және кітаптар жеткізіп, мәдени мұрамызды сақтау жолында жұмыс атқаруда.

Қазіргі уақытта, шетелдегі қазақ орталықтарынан 100-ге жуық өтініш жинақталды. Алайда, «Отандастар қоры» өз құзіреті шеңберінде шектеулі түрде көмек көрсетуде.

Алайда, біз бұл жобаны одан әрі кеңейтуді мақсат етудеміз.

Шетелдегі қазақ мәдени орталықтарына киіз үй, ұлттық аспаптар, ұлттық бұйымдар мен спорттық жабдықтар (тоғызқұмалақ, асық, ләңгі) сияқты маңызды элементтерді қосу арқылы мәдениетіміздің бай мұрасын толық көрсетуге мүмкіндік бар. Бұл біздің мәдениетімізді сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге жасалатын маңызды қадам болмақ.

Сіздердің қолдауларыңыз арқылы біз шетелдегі қазақ мәдени орталықтарын толық жарақтандырып, қазақ мәдениетінің бірегейлігін насихаттауға үлес қоса аламыз.