ШЕТЕЛДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТАНДАС КӘСІПКЕРЛЕР АЛМАТЫДА «ОТАНДАСТАР» БИЗНЕС-ФОРУМЫНА ЖИНАЛДЫ
2024 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер арасында іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған «Отандастар» бизнес-форумы өтеді. Іс-шараға 200-ге жуық адам қатысады, оның ішінде 12 елден 50-ден аса кәсіпкер этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар бар.
Өтетін уақыты: 09:30 – 18:00, 13 қыркүйек, 2024 жыл
Өтетін орны: «Қазақстан» қонақ үйі, «Grand Ballroom» залы
Қатысушылар саны:200-ге жуық
Қатысушы елдер: АҚШ, Аустрия, Жапония, Иран, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан,Ресей,Түркия
Форумның басты мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастарды Қазақстанның экономикалық дамуына белсенді тарту және олармен тығыз қарым-қатынас орнату. Іс-шара Қазақстанның экономикалық бағдарламалары мен инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсетуді көздейді.
Форумның міндеттері:
– Қазақстанның инвестициялық және экономикалық әлеуетін таныстыру;
– Шетелдегі отандас кәсіпкерлерге Қазақстанда бизнесін дамытуға қолдау көрсету;
– Қатысушылар арасында тәжірибе алмасу және жаңа ынтымақтастық бағыттарын анықтау.
Форум аясында «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесі» құрылады деп жоспарлануда. Кеңестің мақсаты:
– Шетелдегі және қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің бизнес белсенділігін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.
– Шетелдегі этникалық қазақтардың мәдени – гуманитарлық, рухани құндылықтарын сақтап қалуға ықпал жасау.
– Отандастар қорына шетелдегі этникалық қазақтар мен отандастардан келіп түскен жобаларға қолдау көрсету.