Жерлесіміз "Көптеген адам АҚШ-қа қызғылт көзілдірікпен қызықтап қарап, оларды құшақ жая қарсы алатындай көреді. Шын мәнісінде, мұнда қажырлы еңбекті талап етеді», - дейді.
Шоттағы әрбір доллар есепте
Бүгінде Johnson & Johnson компаниясының Солтүстік Америкадағы, Канададағы және Пуэрто-Рикодағы филиалдарының қаржы жоспарлары Қазақстанның қызы Динара Муртазинадан тыс өтпейді. Ол әлемдік алпауыттың шығындарын, бюджетін, қаржының артығын немесе жетіспеушілігін бақылайды және компанияға қаржы жоспарын әзірлеуге көмектеседі.
- Менің міндетім – әр команданың бюджетін жоспарлау. Мұнда мен бәрін ескеруім керек: жалақы бойынша төлемдер, коммуналдық қызметтер мен сервистерге жұмсалатын шығындар, жаңа жобаларды іске қосу және т.б. – деп Динара Мұртазина жасайтын істің мән-жайына кіріспе жасады - Мен мұның бәрін әр команданың бизнес-серіктестерімен бірге есептеймін және жыл бойына бюджеттерді қадағалап отырамын.
Егер, қандай да бір командаға қосымша қаржыландыру қажеттігін байқасам, бюджетті есептеу кезінде не үшін, неге ескерілмегенін, компанияға бұдан қауіптің бар-жоғын, қай жерден қаражатты үнемдеуге болатынын, қайда инвестиция салуға болатындығын мен анықтай бастаймын.
Жалпы, ең алдымен мен бюджетті жасаймын, содан кейін оның қайда және қалай жұмсалатынын қадағалап отырамын.
Қазір Динара миллиондаған шоттарды оп-оңай түсінеді және көп мөлшердегі қаражатқа сүйене отырып жұмыс істейді, бірақ бойжеткеннің жастық шағында осыншама үлкен сандармен жұмыс істеу жоспарында болмаған еді.
Қаржыға кенеттен пайда болған махаббат
Динара Қостанай облысындағы Семиозерное ауылында дүниеге келген. 8 сыныпқа дейін ол жергілікті мектепте оқыды, содан кейін оның отбасы Қостанайға көшті, сол жерде бойжеткен қыз мектепті бітірді. Динара мектептен кейін Халықаралық қатынастар факультетіне түсуді армандаған еді, ал бірақ қаржыгер болу – түсіне де кіріп шықпаған еді.
- 11-сынып басталар алдында, жаз мезгілінде USAID ұйымы Қазақстан мен Қырғызстаннан он оқушыдан Ыстықкөлдегі жаздық лагеріне қабылдау жұмыстарын жүргізді. Мен сол жерге жеттім. Ол жаққа біз Алматы арқылы жол жүруіміз керек еді, онда мен пойызбен келіп, KIMEP университетінің маңындағы жалдамалы пәтерге орналастым. Біз университеттің аумағында асхананың барын білдік және сол жерге тамақ ішуге бардық, - деп Динара естеліктерімен бөлісе бастады - Мен кампусқа кірген кезде, мен үшін басқа әлемнің есігі ашылғандай болды. Және сол сәттен бастап мен осында оқимын деген шешім қабылдадым, дей тұрғанымен осы уақытқа дейін мен бұл университет туралы естімеген екенмін.
Таңдау жасалды, арманның іске асырылуына «аз-ақ» қалды – грантқа түсу. Динара қарапайым отбасынан шыққан - ол кезде анасы банкте жұмыс істеген, ал әкесі зейнеттегі-әскери болған. Ақысы қымбат университетте оқу отбасы үшін үлкен шығын болар еді. Сондықтан мектептің соңғы жылы Динара оқуға түсуге дайындалып, репетитордың көмегіне жүгінді. Нәтижесінде грантқа түстім, бірақ менің арманымдағы мамандыққа емес.
- Мен әрқашан халықаралық қатынастарда оқығым келетін, бірақ содан кейін бизнесті басқару бағытында оқығанды дұрыс деп шештім. Өйткені шекті балл онда жоғары болды. Егер жинаған балдарымның қосындысы бұл факультетке жетіспейтін болса, мен халықаралық қатынастардың грантына түсуім керек еді. Нәтижесінде мен «қаржы және бухгалтерлік есеп» мамандығына түсу үшін жеткілікті жақсы балл жинадым, сөйтіп мен ауысқан жоқпын, өйткені бұл бағыт маған «кенеттен» ұнап қалды, - деп күлді Динара.
«Үлкен төрттіктегі» үлкен тәжірибе
Қаржы әлемі Динараға қызықты болғаны соншалық, университетті бітіргеннен кейін бойжеткен «Үлкен төрттіктегі» компанияның Алматыдағы филиалында – EY-де өз күшін сынап көруді шешті. Алдымен ол жерде тағылымдамадан өтті, ал алты айдан кейін Динара ресми түрде аудитор қызметіне қабылданды. Бұл позицияда ол компанияның шығындарын бақылап, қаржылық есептер дайындады және сандардың дұрыстығын тексерді. Сонымен қатар Ұлыбританиядағы Бристоль университетіне түсу үшін дайындалып, нәтижесінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түстім.
Динара «Қаржы және инвестициялар» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алғаннан кейін Алматыға оралып, тағы да бір алпауыт «Үлкен төрттіктің» компаниясы болып табылатын KPMG-нің Бағалау бөліміне жаңа білімімен жұмысқа орналасты.
- Біз «Самұрық-Қазына» қорының «еншілестерін» бағаладық, мен электр станциясының, ҚТЖ-ның бірқатар бөлімшелерінің және басқа да ұлттық және жеке компаниялардың аудиті бойынша бірнеше жобаларға қатыстым. Мұндағы жүргізілген бағалау жұмыстары банктерге оларды сату үшін қажет болады, - деп түсіндірді Динара Мұртазина.
Johnson & Johnson-ға іш пысқандықтан бардым
KPMG-де жұмыс істеп жүрген кезінде Динара жұбайы екеуі тағы бір бақтарын сынамақ болып, АҚШ үкіметінің жыл сайын жариялайтын Green Card лотереясына қатысуға шешім қабылдаған. Олар бақытты билетке иелене отырып, 2018 жылдың желтоқсанында отбасымен Американың Флорида штатына көшіп барды.
Көшіп барған соң шамамен екі айдан кейін ерлі-зайыптылардың қызы дүниеге келді. Сөйтіп, Динара декрет демалысына шыққан. Бір жылдан кейін, пандемияның белең алып тұрған кезеңінде, бойжеткен декреттен кейін өзіне ыңғайлы ой-өрісті дамытатын жұмысты қарастырып ізденбей, сол бұрынғы жұмысына қайтадан шығуға шешім қабылдады. Дегенмен, төрт ай іздеістің нәтижесінде жеке медициналық компанияда бос орын табылды, онда Динара талдаушы болып жұмысқа орналасты.
- Бұл компанияның Флорида мен Мичиганда бірнеше клиникасы болды. Мен олардың бюджетін жүргізіп, қаржылық талдау жасадым», - деп еске алады сұхбаттасушы. – Бірақ ол жерде бір жылдай жұмыс істегеннен кейін зерігіп кеткенімді түсіндім. Барлық жұмыс үдерісі ретке келтірілді және күнделікті бір жұмысты қайта-қайта істеуден жалықтым. Сонымен қатар, EY және KPMG-дің корпоративтік ортасында көп жылдар бойы жұмыс істегеннен кейін маған корпоративтік рух пен тұрақты қозғалыс жетіспеді.
Болашақ өсімнің болмайтындығы да әсер етті, сондықтан көп ойланбастан Динара түйіндемесін ірі компанияларға жіберіп, Johnson & Johnson корпорациясында қалаған қызметін тапты.
Сұхбаттасушы атап өткендей, жұмысқа орналасу үшін сұхбаттасудың бірнеше қиын кезеңдерінен өтуге «үлкен төрттік» компанияларындағы жұмыс тәжірибесі және халықаралық сертификаттардың болуы көмектесті.
- «Үлкен төрттік» – бұл халықаралық деңгейдегі компаниялар, сондықтан олардағы жұмыс принциптері мен стандарттары өте ұқсас. Сонымен қатар, Қазақстанда мен халықаралық деңгейде беделді ACCА-дан (Сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы - F) сертификат алдым. Сондай-ақ менде CFA сертификаты бар – бұл қаржы саласының мамандарына инвестициялық нарықта жұмыс істеуге мүмкіндік беретін халықаралық үлгідегі құжат. Сонымен қатар Ұлыбританияда магистратураны тәмәмдадым. Мұның бәрі маған осы компанияға жұмысқа орналасуға көмектесті. Әрине, сұхбатқа да жақсы дайындалу керек», - деп түсіндірді Динара.
Мұндай «еңбек өтілінің» болуына қарамастан, біздің кейіпкеріміз де қиындықтарға кезікті.
- Бастапқыда маған өте қиын болды. Адамдарға, терминологияға, кейбір қысқартуларға, корпоративтік мәдениетке үйренісу керек болды. Басында өз бетіммен істейтін тыныш, ырғақты жұмысымнан кеткеніме қатты өкінетінмін. Жоғары жұмыс қарқыны сізден үнемі бірдеңе талап етеді, есептер тапсырып, үнемі бір нәрсені талдап, кездесулер өткізуіңіз керек. Бірақ қазір мен өзімді жайлы сезінемін», - дейді Динара.
Динарамен біз Штаттардағы өмір туралы да сөйлестік. Америкада ол төрт жылға жуық өмір сүруде, бірақ әлі күнге дейін бұл елдің кейбір ерекшеліктеріне үйренісе алмайды.
- Біз, Қазақстандықтар, кейбір ережелерді айналып өтуге, біреудің жағдайын түсінуге және жалпы икемді болуға дағдыланғанбыз. Бұның бір жағынан артықшылығы, екінші жағынан кемшілігі бар. Мұнда барлығы әрқашан тәртіпті, қатаң ережелерді ұстанады. Жүйені айналып өту мүмкін емес. Сіз бәрін нұсқауларға сәйкес жасауыңыз керек. Кейде бұл күш түсіреді, бірақ сіз бұның қажет екенін түсінесіз. Егер бәрі жүйені айналып өтетін болса, онда бұл хаосқа әкеледі және ешқандай өркениетті қоғам мүмкін болмас еді, - дейді сұхбаттасушы Америкадағы өмір туралы.
Көптеген адамдар АҚШ-қа қызғылт көзілдірік арқылы қызықтап қарап, ел оларды құшақ жая қарсы алады деп ойлайды, - дейді Динара. Бірақ іс жүзінде жағдай басқаша.
- Америкаға көшуді жоспарлағандарға мен ең алдымен Америка Құрама Штатына не үшін баратыныңыз туралы өз мақсатыңызды нақты қалыптастыруды ұсынар едім, - дейді Динара. Америка тек алдына мақсат қойа алатын адамдарды қабылдайды. Сізге «маңдай теріңізді төгу» керек, мұнда ешқандай тамыр-таныс көмектеспейді, бәсекелестік өте жоғары. Сіздің қабілетіңізді байқау үшін сіз шынымен де кәсіби маман болуыңыз қажет.
Шексіз шарықтау немесе болашақ өмірге жоспар
Динара өзіне ұнайтын компаниядан кетуді жоспарламайды, бірақ қызмет бағытын біршама өзгерту мүмкіндігін қарастырады.
- Мұнда сіз үздіксіз өсіп, дами аласыз, жұмыс істеп жатқан департаментіңізді өзгертіп, жаңа бағыттарды зерттей аласыз. Сондықтан, алдағы бір-екі жылда мен Қаржы талдауы бөлімінің менеджері немесе басшысы лауазымына ауысуды жоспарлап отырмын, бұл менің қазіргі лауазымымнан жоғары. Мен бұл лауазымға дайын екенімді сеземін», - деп жоспарларымен бөлісті.
Отанына оралуға келетін болсақ, Динараның отбасында бұл мәселе талқыланып жүрген жоқ. Бірақ, оның айтуынша, олар Қазақстанға кез келген уақытта орала алады, ал сұхбаттасушыны «мұндай шешім өте қуантады».
- Егер біз қандай да бір себептермен елден шыға алмасақ, бұл мені қатты күйзелтер еді. Бірақ біз мұнда заңды түрде өмір сүрудеміз, заңды түрде ақша табамыз, біз кез-келген уақытта туыстарымызға келе аламыз, олар бізге бара алады, сондықтан бәрі айтарлықтай емін-еркін. Біз Қазақстанға ораламыз ба? Кім біледі,көре жатармыз. Бірақ кез келген жағдайда, мен өз елімді және туыстарымды қатты сағындым», - деп қорытындылады Динара.
Шетелде жүріп үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымызбен сұхбаттар циклі. Forbes Kazakhstan компаниясымен бірлескен жоба.