«Ата-анам маған үлкен ағамды үлгі ететін, мен әрқашан одан асып түскім келетін. Күндердің күнінде: Анашым, қарашы, мен одан асып түстім,- деп айту үшін сабағыма бар күшімді салдым» - Медет Серік.
28 жастағы Медет Серік өзін жай IT-кеңесші деп таныстырды, бірақ әңгіме барысында оның өзін кішіпейіл екенін көрсетіп жатқаны түсінікті болды. Шын мәнінде, бүгінде оның қатысуымен Қытайдың Шэньчжэнь-Силикон алқабында орналасқан Huawei компаниясының штаб - пәтерінде көптеген келіссөздер жүріп жатыр.
Медет Fortune 500 компаниясының басшыларымен стратегияларды әзірлеуге, қарым-қатынас орнатуға және басқаруға жауапты. Медеттің міндеті – ірі әлемдік корпорацияларды цифрлық трансформациялау үшін шешімдерді іздеу және компаниялардың бірінші тұлғаларына белгілі бір hardware-шешімдердің артықшылықтарын жеткізу.
«Диалог орнату – бұл менің басты міндетім», – дейді Медет өз қызметі туралы. — Елестетіп көріңізші, Volkswagen автоконцерні сияқты ірі корпорацияның CEO келеді және оның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында білімі жоғынан бөлек, сонымен қатар біздің компания туралы ештеңе білмеуі немесе сенбеуі, оның кейбір стереотиптері болуы мүмкін. Оған біреу түсінікті түрде бәрін түсіндіріп, сұрақтарға жауап беріп, мысалдар көрсетіп, қандай да бір эксперимент жүргізуі керек. Оған бәрі түсінікті болған кезде, ол бізге сене бастайды. Ол енді өз компаниясына цифрлық шешімдер алу үшін бізге жүгінуден қорықпайды. Бұл ретте келісімшартқа бүгін-ертең қол қою міндетті емес. Ең бастысы, бұл компания бір жыл немесе бес жылдан кейін, оларда қандай да бір мәселелер туындаған кезде бізге жүгінеді».
Huawei-де жұмыс істеген екі жыл ішінде Медет жүздеген консультациялар өткізді, соның арқасында 200-ден астам Global C-Suite басшыларымен тек кәсіпорындарға ғана емес, тіпті ақылды қалалар үшін де шешімдер жасау туралы келісімшарттар жасалды.
Әрине, қазақстандық Қытай компаниясындағы жалғыз IT-кеңесші емес, ондай мамандар көп, тек Медет олардың ішіндегі үздіктердің бірі. Бұған дәлел – Медет компанияда жұмыс істеген бірінші жылы жаңа қызметкерлер арасында өткізілген The Best Solutions Consultant («үздік шешім бойынша кеңесші») байқауында сенімді түрде жеңіске жетті. Бұл жетістікке қалай жетті деген сұраққа ол:
«Мен инженермін. Осы технологиялардың барлығын білемін, оларды өзім де жасағанмын немесе сынақтан өткізгенмін. Мен адамдарға бұл технологиялар туралы барынша қалай түсіндіру керек екенін білемін. Маған жоғары технологиялар әлеміне жол көрсетуші бола алатыным ұнайды».
АКТ Медеттің негізгі мамандығы, ал қарым-қатынас дағдыларын оған жылдар бойы дамытуға тура келді. Басты міндет ағылшын тілін үйрену болды, оны біздің сұхбаттасушы айтқандай, ол өте ұзақ уақыт бойы жетілдіруге мәжбүр болды. Мұғалім жалдады, тьютормен бірге оқыды, Work&Travel бағдарламасы бойынша Америкаға барды, тіпті техникалық аударма курстарын бітірді. Ағылшын әдебиетін оқу Медетке маңызды ақпаратты жеткізу үшін сөздік қорын дамытуға көмектеседі.
Медет күн сайын, тек әлемдік корпорациялардың ғана емес, бүкіл мемлекеттердің басшылары үшін кеңес береді. Сонымен қатар, Латын Америка елдерінің бірінің Премьер-Министрімен кездесуге пандемияға байланысты барлығы 7 адам шақырылды және Медет солардың қатарында болды.
«Бір кезде мен біздің компанияның CEO мен Премьер-Министрдің арасында тұрмын және ойыма: Құдайым-ау, Мен мұнда не істеп жатырмын? Неге мен? Неліктен маған презентация жасап, толық жауап беру керек?» - деп күледі Медет.
Қазір IT-кеңесші мұндай іс-шараларға қатысуға үйреніп қалған, бірақ компаниядағы жұмысының бастапқы кезеңінде ол өз жұмысына мұндай сенімділікпен қарамады. Ол презентация алдында әрдайым қатты қобалжып, бірдеңені дұрыс емес айтамын деп қорқатын, өйткені бұл Медеттің мансабына ғана емес, брендтің беделіне де зиян тигізуі мүмкін. Дегенмен, үнемі жаттығу жасау әр уақытта сенімділікті арттырады.
«Біз үздіксіз өз-өзімізбен жұмыс жасаймыз», – деп жалғастырды Медет. - Компания АКТ шешімдерінің үлкен тізбегін ұсынатындықтан, бізбен тренингтер өткізіледі. Біз әрбір өнім туралы білуіміз керек, біз оның құрылғысы мен артықшылықтарын зерттейміз, содан кейін бұл ақпаратты клиентке жеткіземіз. Өйткені, егер бұл шешімдер туралы инженерлердің өздері айтатын болса, тапсырыс берушілер оларды түсінбейді».
Болашаққа антенна
Медет қазір армандаған жұмысы бар деп мәлімдейді. Алайда, қалаған лауазымға орналасу үшін оның түйіндемесін Huawei компаниясының HR бөлімі байқағанша бірнеше жыл күтуге тура келді.
Әрине, жауап күтіп, қол қусырып отыру инженердің жоспарында болған жоқ. Бейжің технологиялық университетінде магистратураны тәмамдағаннан кейін Медет Қазақстанға барып, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жұмысқа орналасуға тырысты, алайда алғашқы сұхбатында: «Рахмет, біз сізбен хабарласамыз» дегенді естіді. Мен қоңырауды күте алмадым және Бейжіңге оралдым. Мұнда ол Қытайдың ең ірі автомобиль конгломераты BAIC group-қа жұмысқа орналасты, онда ол екі жыл бойы автомобиль мен бұлтты платформаны байланыстыратын антенна жүйесін жасаумен айналысты. Медет осы қызметтің нәтижелерін осы күнге дейін көреді және антенналардағы жұмысты өзінің жетістіктерінің бірі деп санайды.
«4G/GNSS/DAB антенналарын әзірлеу – менің ең үлкен жобаларымның бірі, - деп еске алады Медет Серік. – Мен бірде DiDi таксиін шақырдым: мен жасаған антенна орнатылған көлік келеді. Мен шыдай алмай, байланыс қалыпты жұмыс істей ме, дыбыс бұрмаланбайды ма деп сұрадым. Жүргізуші маған: «жоқ, бәрі еш қиындықсыз жұмыс істейді», - деп жауап берді. Оның жауабына қатты қуандым».
Содан кейін Шанхайға шақыру келіп түсті, онда жас маманға Volkswagen компаниясында жұмыс ұсынылды. Бұл автокөлік концернінде Медет Вольфсбург пен Шанхайдағы ғылыми-зерттеу орталықтарының функционалды тобын басқарды, мақсаты Қытай нарығы үшін Volkswagen автомобильдерінің электроникасын оқшаулау болды. Осы лауазымда алты ай жұмыс істегеннен кейін Медет ақыры армандаған Huawei компаниясына шақыру алды.
«Антенналарды автомобильдер үшін немесе телекоммуникациялық жүйелер үшін орнату принципі бір. Мен мұның бәрін жылдар бойы зерттедім, жобаладым, сынап көрдім. Әрине, мұның бәрін адамдарға түсіндіруге және оларға цифрлық трансформацияға көмектесуге мүмкіндік алған кезде мен бұл мүмкіндікті қуана қолдандым. Мен бұл жұмысымнан ләззат аламын. Бұдан мен энергия аламын, өйткені адамдардың ризашылығын естисің. Презентациядан кейін адамдардың қол шапалақтағанын естігенде бұның бәрі текке емес екенін түсінесің», - дейді Медет.
Үлкен шетелдің шамдары
Медет Серік Жезқазғанда туылды. Туған қаласында орта мектепті бітіріп, Қарағанды техникалық университетіне АКТ мамандығы бойынша оқуға түсті. Бұл таңдауын қарапайым түрде түсіндіреді: гранттар көп болған оқу орнына бардым. Оқу кезінде де Медет магистратураға шетелге түсетінін нақты білді, сондықтан ол техникалық аударма курстарына жазылды.
Оқуға түсу уақыты келгенде, өз таңдауын Шотландияның Эдинбург университетіне жасады. Ол құжаттарды тапсырды, тіпті шақыру алды, бірақ Медеттің отбасы үшін оқу ақысы өте жоғары болды. Содан кейін интернет кеңістігінде Медет Бейжің технологиялық институтына гранттардың ашылуы туралы хабарландыру тапты. Ұзақ ойланбастан, құжаттарды жіберді және бір айдан кейін ол екі жылға толық стипендиялық грант алып, оқуға түсушілер тізімінде және үздік бестікте болды.
«Мен қытай тілін білмедім, сондықтан мен ағылшын тілінде оқуды таңдадым. Алайда, мен оқуды аяқтағаннан кейін осында жұмыс істегім келетінін түсіндім және қытай тілін үйренудің қарқынды курстарына бардым. Мен қазір бұл тілді өте жақсы білемін, тіпті оқу кезінде де халықаралық студенттер арасындағы Қытай тілі жарыстарында бірінші орынға ие болдым», - дейді Медет.
Софиттер аясында
Бүгінгі таңда Медет Серік Қытайдың жетекші компанияларының бірінде табысты IT-кеңесші ғана емес, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі көптеген конференцияларда құрметті спикер болып табылады. Жас инженер «Ақылды қала Барселона» және Mobile World Conference конференцияларында шақырылған сарапшы болды. Әлемге әйгілі Huawei Connect конференциясы да өзінің болашақ зор қызметкерінің қатысуынсыз өтпейді. Конференциялардан басқа, Медет жиі әртүрлі университеттердің MBA студенттеріне дәрістер өткізеді.
«Мен Оксфордта, Цинхуада (бұл Қытайдағы бірінші университет), американдық Суффолк университетінде дәріс оқыдым. Студенттер қытай нарығында қандай бизнес-модель бар екенін, оқуды бітіргеннен кейін жұмыс таба алатындығы, олардың қызықтыратын жаңа технологиялар туралы білгісі келеді. Бұрынғы студент ретінде өз біліміммен, дағдыларыммен бөлісемін,жұмысқа қалай орналасуға болатынын, қандай мүмкіндіктер, қандай тәжірибе алу керектігін айтамын», - деп жетістіктерімен бөліседі Медет.
Спикер барлық баяндамаларында өзінің Қазақстаннан екенін зор мақтанышпен айтады.
Шетелде жүріп үлкен жетістіктерге жеткен отандастарымызбен сұхбаттар циклі. Forbes Kazakhstan компаниясымен бірлескен жоба.