АҚШ-тан әкелінген пайдаланылған протездер Қазақстанда қалай пайдаға асуда

11 Шілде, 2023

Cyborgbase жобасының негізін қалаушы Мәди Жақыповтан "Ампутациядан толыққанды өмір сүре алам ба?" деп жиі сұрайды. Оның жауабы әрқашан дайын. "Сіз жаңа өмірге қадам бастыңыз!"

Әлемде жүз миллионға жуық адам протездеуді қажет етеді. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша миллион адам әртүрлі себептермен қолын немесе аяғын жоғалтады: 54% жағдайда ампутация қант диабетіне, 44% механикалық жарақатқа, 2% жағдайда онкологияға байланысты. Қазақстанда Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ампутация бойынша жыл сайынғы операциялар саны алты мыңға жетеді. 

Cyborgbase платформасының негізін қалаушы және СЕО Мәди Жақыпов атап өткендей, ДДҰ статистикасына сілтеме жасай отырып, планетада ампутациясы бар он адамның тоғызы көмекші құрылғыларды сатып ала алмайды: протездер, мүгедектер арбалары, таяқтар және т. б. Шын мәнінде, протездеу саласындағы мамандардың сапалы қызметтері сияқты, бүкіл әлемде олардың тапшылығы байқалады. Жаһандық протездеу және ортопедия нарығы шамамен 10 миллиард долларға бағаланса да, жыл сайын шамамен 5% - ға өсуде.

Бұл мәселенің ауқымы қазақстандық Мәди Жақыповты автордың ойынша ампутациясы бар адамдардың өмірін едәуір жеңілдетуге арналған CyborgBase платформасын құруға итермеледі. Алғашында жоба тек қазақстандықтарға көмектесу үшін ойластырылған болатын. Бірақ кейінірек бұл жаһандық идеяға айналды. Оны әрі қарай дамыту үшін Жақыпов АҚШ-қа көшті.

Киборгтар базасы

Cyborgbase платформасы Қазақстан нарығында 2023 жылдың ақпан айында пайда болды. Оның мақсаттарының бірі – краудфандинг платформасы арқылы протездік қаражат жинауға мұқтаж адамдарға көмектесу. Пайдаланушы Сyborgbase сайтындағы арнайы форма арқылы өз тарихын, құжаттары мен фотосуреттерін жіберуі керек, ал әзірлеушілер профиль жасап, осы сілтемені басқа сайттарда, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде тарату үшін жеке сілтеме жасайды.

– Біз қайырымдылық аударымдарын Kaspi.kz арқылы қостық. Ақша адамға тікелей емес, «Альтир» қайырымдылық қоры арқылы түседі. Қажетті сома жиналғаннан кейін протездік орталық есепшот шығарады және біз оларға ақшаны тікелей аударамыз. Бұл алаяқтық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Біз донорлар алдында жауаптымыз және оларға есеп беруіміз керек. Мұнда бәрі ашық – дейді Мәди Жақыпов.

Платформа арқылы сіз білікті дәрігерді, протезистті таба аласыз, олардың онлайн-кеңесін ала аласыз, әлемнің түкпір-түкпірінен әзірлеушілерден протездерді тауып және таңдай аласыз (олар да сайтта ұсынылған). Сіз тіпті жұмысқа тұра аласыз-сайтта ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін өзекті бос жұмыс орындары көрсетілген бөлім бар.

Протездер ескі – өмір жаңа

Cyborgbase платформасының көмегімен протездерді, егер жолыңыз болса, тегін алуға болады. Бұның шынымен де мүмкін екендігі Мәди үшін де жаңалық болды.

– Біздің қамқорлығымызда аяғынан айырылған Ұлболсын есімді әйел болды. Біз оның деректерін алған кезде  оған протезді қайдан табуға болады деп ойладым. Іздей бастап едім, АҚШ-та жыл сайын 300 мыңға жуық протез қоқысқа лақтырылатынын білдім. Бұл американдықтар протездерін үш жыл сайын жаңарта алатын медициналық сақтандыруға байланысты екен. Олардың жоғары сапасына байланысты көптеген протездерді көптеген жылдар бойы қолдануға болады, бірақ бұл протездер бір жерде шаң басып жиналып тұр – дейді Мәди – Мен оларды шұғыл жинап, Қазақстанға әкелу керек деп ойладым.

Мади Жакыпов с б/у протезами из США

Мәди Жақыпов АҚШ-тан әкелінген пайдаланылған протездерді көрсетіп тұр

ФОТО: жеке мұрағаттан

Содан кейін Жақыпов АҚШ-та коммерциялық емес ұйымды (КЕҰ) тапты, ол қазірдің өзінде қолданылған протездерді жинаумен айналысады, оларға өзінің жобасы туралы айтып, серіктестік құрды.

– Оларға менің идеям ұнады және Қазақстанға протездердің бірінші партиясын жіберді. Осылайша біз Ұлболсынның аяғына тегін протезді қоя алдық. Оған миллиондарды жинаудың қажеті жоқ, тек гильзаға (әрбір жеке адамның параметріне қарай жасалатын культ пен протездер арасындағы арнайы төсем – F) 300 мың теңге қажет болды. Протез орнатқаннан кейін біраз уақыт өткен соң, Ұлболсын бізге кәсіпкерлік грандты жеңіп, жылыжай бизнесімен айналысқанын жазды. Және бұл бір ғана жағдай. Біз әлі де қаншама адамдарға көмектесе аламыз деп үміттенеміз – дейді Мәди.

Улболсын после установки протеза

Ұлболсын протез қойдырғаннан кейін

ФОТО: жеке мұрағаттан

Енді американдық КЕҰ Мәдидің сұранысы бойынша пайдаланылған протездерді жүйелі түрде жинайды, осылайша құрылғыларға да, жаңа пайдаланушыға да жаңа өмір сыйлайды. Барлық протездердің жарамдылығын тексереді, содан кейін ғана олар жаңа иелеріне жіберіледі.

Әрине, сіздің бағыңыз жанып, жолыңыз болғанда ғана пайдаланылған протезді тегін ала аласыз. Адамға дайын протезді таңдау әрдайым оңай бола бермейді. Сондықтан, протездерді (жаңа болсын, ескі) болсын іздеуге көмектесу үшін Мәди Алматының протездік орталығымен, сондай-ақ Үндістан, Қытай және Эстония өндірушілерімен серіктестік орнатты.

Басқа құндылықтар

CyborgВase жобасымен жұмыс істей отырып, Мәди қазақстандық қорлармен, төлем орталықтарымен, инвесторлармен үнемі кездесіп, акселерациядан өтіп, презентациялар көрсетті. Бірақ көбісі одан теріс айналды, себебі әлеуметтік жобалар көпшілікті қызықтырмайды.

ФОТО: жеке мұрағаттан

Бір жарым жылдан кейін Мәди Қазақстанда CyborgBase-ті толық көлемде дамыту оңай емес екенін түсінді, себебі нарықтың өзі шағын, қайырымдылық мәдениеті батыстағыдай белсенді дамымаған және әлеуметтік кәсіпкерлік меценаттық ретінде қабылданады, бірақ бизнес емес.

– Содан кейін мен жобаны дамытудың АҚШ-тан артық жер жоқ екенін түсіндім. Онда мүмкіндіктер, инвесторлар, технологиялар, білім көп. Сізге тек билет алып ұшу керек. Мен бұған дейін нарықты бақылап, релокацияны қалай жасау керектігін біліп, заңды және қаржылық мәселелерді зерттеген болсам да, бұл мен үшін өте үлкен тәуекелге бару болды. Бірақ мен бәрібір ұшып кеттім – деп күлімсіреді сұхбаттасушы – АҚШ-та басқа құндылықтар бар. Мен өз жобам туралы кім айтсам да "Уау, керемет деп таңғалады. Сіз адамдарға қол ұшын созасыз, көмектесесіз» дейді. Бұл ретте менің қанша және қалай ақша табатынымды ешкім сұраған да жоқ – деді кәсіпкер.

2023 жылдың мамырынан бастап Мади Кремний алқабында жұмыс істей бастайды. Ол серіктестер мен инвесторларды табу үшін протездік орталықтардың өкілдерімен кездеседі; Стэнфорд университетімен ынтымақтастық орнатады.

Жақыповтың басты мақсаты – CyborgBase-ті АҚШ нарығына шығару және оны жаһандық жобаға айналдыру. Сонымен қатар, көмек сұрайтын адамдардың қатарында басқа елдерденде көп. Көмекті күту тізімінде 130-дан астам адам бар, оның 80-і Танзаниядан. Украинамен және басқа елдермен де келіссөздер жүргізілуде.

CyborgBase Mәдидің жалғыз жобасы емес. Оның туындыларының қатарында 2016 жылдан бері Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан «Альтаир» қазақстандық қайырымдылық қоры мен «Авиценна» медициналық ақпараттық жүйесі бар. Ол денсаулық сақтау нысандарының бизнес-процестерін автоматтандырады, пациенттің тіркеуден босатуға дейінгі жолын талдайды және аурухана басшылығына мекемені тиімді басқаруға көмектеседі. Жүйеге Қазақстанның 50-ден астам мемлекеттік және жеке клиникалары қосылған. Оны Мәди АҚШ нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Әлеуметтік жоба болса да, бұл - бизнес

Кәсіпкер СyborgВase-ті дамытуға шамамен 30 мың доллар жұмсады, бірақ бұнымен инвестиция аяқталған жоқ, мұнда біз ешқандай табыс туралы айтып отырған жоқпыз. Алайда, платформадан табыс табуға болады – дейді Мәди.

– Біз автоматтандырылған іздеу жүйесін енгізген кезде мамандар мен өндірушілердің базасын жинаймыз, содан кейін олардың тауарлары мен қызметтерін платформаға орналастыру үшін комиссия аламыз. Ақылы кеңес беруді енгіземіз. Сондай-ақ, жазылым жүйесін енгізсек, оның көмегімен өндірушілер қазіргі уақытта қанша адамға және қандай протездерге мұқтаж екендігі туралы аналитика ала алады. Жалпы, біз жобаны монетизациялаудың бірнеше әдісін қарастырамыз – дейді Мәди.

Қазір Мәди инвесторларды іздеуде және оның есептеулері бойынша жобаны толық көлемде іске қосу үшін 200 мың доллардан астам қаражат қажет. Әзірлеушілер платформаны әмбебап етуді жоспарлап отыр, сондықтан протезді қажет етпейтін, бірақ денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар да қажетті құрылғыларды есту аппараттарын, кохлеарлық импланттарды, тізе титан дискілерін, кардиостимуляторларды және т.б. таба алады.

Платформа протездеушілер үшін де қызықты болады, өйткені ол арқылы олар бүкіл әлемнен протездерге қажетті бөлшектерге тапсырыс бере алады.

Авторы: Дарья Андреева

Шетелде айтулы жетістіктерге жеткен отандастарымызбен сұхбат циклі. Forbes Kazakhstan компаниясымен бірлесіп іске асырылуда

Forbes.kz