Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы бұйрықтың жобасы жарияланды.
Құжатта қандастарға өңірлік квота келесі жылы 2 433 адамды, қоныс аударушыларға – 7 050 адамды құрайтыны айтылған.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жобасы «Ашық НҚА» порталында 27 қарашаға дейін талқыланады.
Жалпы биыл Қазақстанға 16 408 мың қандас оралды және қандас мәртебесін алды. Олардың жартысы (53,7%) Өзбекстаннан, 19,3% – Қытайдан, 10,9% – Моңғолиядан , 7,7% – Ресейден, 6,3% Түрікменстаннан және 2,1% басқа елдерден келген.