«Отан - оттан да ыстық» байқауының жеңімпаздары анықталды

14 Ноября, 2023

ҚР СІМ-ге қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен өткен «Отан - оттан да ыстық» байқауының нәтижесін жариялаймыз!

Байқаудың негізгі мақсаты – ұлты қазақ шетел азаматтарының шығармашылық қабілеттерін шыңдау, ұлттық патриотизмді олардың бойына дарыту.

Аталмыш байқауға Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және Қытай сынды елдердегі қандастарымыздан 30-ға жуық шығармашылық жұмыстар келіп түсті.

Байқауға Ресейден қатысқан қандасымыз Жасмина Осатаева жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып, жүлделі I орынға ие болды. Жеңімпазға Отандастар қоры атынан қазақтың қасиетті аспабы, құнды байлығы – домбырамыз бар.

Өзбекстаннан қатысқан қандасымыз Балнұр Алибекова жүлделі II орынды иеленді. Отандастар қоры атынан Балнұрға арнайы планшетымыз бар. Жүлделі III орын Монғолиядан қатысқан Ескендір Айтуғанға бұйырды. Отандастар қоры атынан Ескендірге арнайы Pocket book электронды кітабымыз бар.

Өзбекстаннан қатысқан қандастарымыз Ферузабану Ибодова мен Гүлнар Бектұрсынова ынталандыру сыйлығы смарт сағатқа ие болды.

«Отан - оттан да ыстық» байқауының жеңімпаздары анықталды