Аталмыш конференцияға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректор з.ғ.д, профессор Оңғарбаев Еркін, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Азия және Африка елдері институтының директоры, профессор Маслов Алексей Александрович, ҚР-дағы көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының аймақтық аға үйлестірушісі Ғалымжан Сүлейменов сонымен қатар «Отандастар қоры» ҚеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы қатысып, сөз сөйледі.
Конференция 3 секциядан тұрды. Бірінші секция «Әлемдегі көші-қон трендтері: ішкі және сыртқы факторлар» тақырыбында өтті. Екінші секцияда «Орталық Азия елдеріндегі көші-қон және репартациялық саясат» мәселелері талқыланды. Үшінші және соңғы бөлімде «Орталық Азия елдеріндегі көші-қон және репатриациялық саясаты» жайлы сөз қозғалды. Жеті сағатқа созылған конференция 68 модераторлардан тұрды.
Бұл жиынның басты мақсаты Көші-қон және репатриациялық саясат жөніндегі халықаралық құқықтық құжаттарға жаңаша талдау жасау, жаңа сың қатерлер мен тәуекелдерді зерттеуге және талдауға негізделген. Конференция қатысушыларға осы жерде пікір алмасып, қозғалған мәселелерді шешу жолдарын белгілеуге мүмкіндік берілді.
Шара барысында «Отандастар қоры» ҚеАҚ Президенті Абзал Сапарбекұлы: - Бүгінгі конференцияда талқыланатын көші-қон, демография, диаспоралық қауымдастықтардың дамуы мен болашағы туралы ғалым, зерттеушілердің ой- пікірлері мен ұсыныстары, талдаулары мен болжамдарының жақын болашақта қолданбалы сипат алып, аталған тақырыптарды шешуге бағытталатынына сенімдімін,- деп сөзін корытындылады.