2024 жылғы қаңтар-маусым айларында шетелдегі және Қазақстан Республикасына қоныс аударған этникалық қазақтарды қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері аясында Орталыққа барлығы 3437 өтініш-сұрақ түсті және өңделді.
Оның ішінде:
1) Фронт-кеңселерге 1952 өтініш;
2) Байланыс орталығына 492 өтініш;
3) Бэк-кеңсеге 246 қандас телефон арқылы хабарласқан. Оның ішінде 42 қандасымыз қоғамдық қабылдауға келген;
4) Мессенджерлер арқылы барлығы 747 хабарлама түсті:
WhatsApp – 616;
Telegram – 28;
Facebook және Instagram – 98;
komek@oq.gov.kz – 5 хабарлама.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, қандастар 10 негізгі сұрақ бойынша жиі жүгінді: 1. Қандас мәртебесін алу/создыру – 1159; 2. ҚР азаматтығын алу – 532; 3. Өңірлік квота бойынша – 357; 4. Білім және мәдениет – 259; 5. Басқа құжаттар бойынша сұрақтар / ЖСН – 178; 6. Ықтиярхат алу – 168; 7. Көшу / туыстарын көшіру – 113; 8. Жұмыспен қамту – 93; 9. Қандастарға арналған жеңілдіктер – 86; 10. Виза мәселесі – 82.
Ең көп өтініш Өзбекстан Республикасынан – 1397, Моңғолиядан – 748, Қытай Халық Республикасынан – 664 және Ресей Федерациясынан – 331 келіп түскен.
Өңірлер бойынша: Алматы облысынан – 354, Алматы қаласынан – 353, Павлодар облысынан – 313, Ақмола облысынан – 274, Астана қаласынан және басқа аймақтардан – 242. Ең аз, Қызылорда облысынан – 7 және Ұлытау облысынан – 4 өтініш келген.
Шетелден – 256 этникалық қазақ хабарласқан.