«Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған
жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз»
(ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев)
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда, - «Шетелдегі қандастарымызбен тығыз қарым-қатынас орнатып, рухани байланысты нығайта береміз. Бұл мәселе – менің жеке назарымда», – деген сөздері еліміздің шетелдегі отандастармен байланыстарының тиімділігін одан әрі арттыру қажеттігін білдіреді.
Мемлекет басшысының месседжі аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстанда шетел қазақтарының «Отандастар Форумы» атты кезекті басқосуын ұйымдастырады.
Форум – шетелдегі этникалық қазақтар мен өзара байланысты жетілдіру және оларды еліміздің тұрақты дамуына үлесін қосу жолдарын қарастыратын жаңа форматтағы басқосу алаңы.
Форумға шетелдегі 200-ге жуық қазақ ұйымдарының басшылары, белсенді және танымал тұлғалармен қатар, отандық ғылым, білім, мәдениет, спорт, бизнес, медиа, саясат, қоғамдық ұйымдар және басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлерінің қатысуы күтілуде.
Форумның мақсаты – шетелдегі қазақ ұйымдарымен өзара түрлі ынтымақтастық мәселелерін талқылау; еліміздің жаңа кезеңдегі мемлекеттік саясат пен саяси – экономикалық реформаларымен, сондай-ақ ұлттық руханиятқа қатысты заманауи трендтермен таныстыру; шетелдегі қазақтарды қолдауда Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты; шетелдегі қазақ жастарына Қазақстанда сапалы білім алуда және өз қабілеттерін іске асыруда, сондай – ақ елге көшіп келетін қандастарға мемлекет тарапынан қабылданып жатқан қолдау шаралары туралы ақпараттандыру.
Форум аясында «Ел дамуындағы қандастардың рөлі», «Отандастардың интеллектуалдық-инновациялық әлеуеті – ұлттық құндылықтарды ілгерілету драйвері», «XXI ғасырдағы қазақ тілі және бүгінгі мүмкіндіктері», «Жаңа медиа және заманауи трендтер» тақырыптары бойынша сессиялар өтеді.
Осы орайда еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, журналистер қауымын «Отандастар Форумына» белсенді қатысуға шақырамыз.
Форумға қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, оған қатысу тек арнайы шақырту мен тіркелу арқылы жүзеге асады.
Өтетін уақыты: 11 қазан 2023 жыл, 10.00.
Өтетін орны: «Rixos President Astana» қонақ үйі
Форумның Бас серіктесі –«Altyn Qyran Foundation» қоғамдық қоры
Форумның Бас демеушісі –«Sine Midas Stroy» құрылыс компаниясы
Демеушілер:
«Rixos President Astana» қонақ үйі
«Kazakhmys» компаниясы
Тіркеліп, қосымша ақпарат алу үшін:
Телефон +7 708 631 17 96 (Нұрымжан Қасымұлы),
+7 708 537 5710 (Гүлнар Абайқызы)
Почта: forumotandastar@gmail.com