Қазақстандық«ARA studios» анимация студиясы жасаған «Шырақ» мультфильмі желіде жарияланды.
Қысқаметражды фильм дүние жүзі бойынша өтетін 80-нен астам сайысқа жіберілген. Ол Албанияда өткен Тирана халықаралық кинофестивальде Audience choice award kids - 10 номинациясын жеңіп алды.
Сонымен бірге, Кливленд халықаралық кинофестивалінің (CIFF) үздік тізіміне енді.