Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Франция мен Қазақстан президенттерінің Ақордадағы кездесуі алдында Қазақ-француз университеті ашылатынын айтты.
«Бүгін Мемлекет басшылары арасында Қазақстанда Қазақ-француз университетін ашу мәселесі пысықталатыны мәлім етілді», - деді Саясат Нұрбек.
Оның сөзінше, аталмыш жоғары оқу орны Қазақ-алман университетінің үлгісімен құрылуы мүмкін.
«Біз жеке жұмыс тобын құрып, мәселені сол алаңда талқылаймыз. Сондай-ақ өңірлердегі жоғарғы оқу орындарында мықты франциялық университеттерді тарта отырып, зерттеу кафедраларын ашу мәселесін талқылаймыз. Франциялық университеттерден келген делегациялар да біздің елде жүр. Бүгін екі ел ректорларының форумы басталады. Іс-шара Алматы қаласында 3 күн бойы өтеді», - деді министр.